Басты » Мәдениет » Бүркіттің тың туындысы

Бүркіттің тың туындысы

Танымал әнші Бүркіттің тың туындысы шымкенттіктерге жол тартты. „Логовоны„ халықпен бірге тамашалауға түсірілім тобы келді. Ал, көрермендер киноның режиссері, актерлерімен жүздесуге асығып, пікір алмасты.

Логово„. Режиссердың айтуынша, мұндай кино елімізде бұрын соңды болмаған. Жанры триллер. Көрерменнің қорқынышын тудырып, толқыныс еселейді. Жарнамасы алты алашқа тараған туындының тұсаукесері Алматы, Астана қалаларынан кейін Шымкентте өтті. Премьераға режиссер мен әртістер де қатысты. Олардың бірі Айя Сәдуақасова. 13 жасар актрисаның бұл алғашқы туындысы.

Айя Сәдуақасова

актриса

Менің кейіпкерімнің аты — Айдана. Ол өте ақ көңіл, мейірімді қыз. Алайда, оның денсаулығында мүкістігі бар. Яғни, ол арбаға таңылған. Өздігімен жүре алмайды. Мен үшін ең қиын болғаны жылау. Көзіме жас 2,3-ші дубльде бірақ келді. Онымен қоса режиссердің шақырғанын, өз кезегімді күткенім де шаршатты. Алдағы уақытта да киноға түсіп, өнердегі жолымды жалғастырғым келеді.

Алғашқы туындысын Бүркіт сапалы, әрі мәнді етуге тырысқан. Кино арқылы талантымен таңырқата алар жас әртістердің жұлдыздарын жақпақ. Сондықтан да Жан Байжанбаевтан өзгесі бұрын соңды кино әлеміне қадам баспаған.

Бүркіт 

режиссер

Музыкасының өзі 1 айлық жұмыс болды. Фортопианомен жазыла салған музыка емес. Камералы оркестр, инструменттермен жазылды. Жұмыс көп болды. Өзін-өзінің көгірегін қағып, мен осындаймын, мен мұндаймын деп көгірегін қағады. Ал, қиын жағдайға тап болғанда өздерінің шынайы келбеттерін көрсетеді.

Туынды желісі бойынша, бірлігі жарасқан достар демалысқа Бурабайға барады. Алайда, қызық қуғандар қиындыққа тап болып, әр бірі өз басының қамын күйттейді. Шым-шытырыққа толы туынды еліміздің барлық кинотеатрлары арқылы көрерменге жол тартты. Режиссерлықты қолға алған Бүркіт, 2018 жылдың көктемінде кезекті туындысын түсірмек.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*