Басты » Спорт » Халықаралық турнир ардагерлер арасында өтті

Халықаралық турнир ардагерлер арасында өтті

Шымкентте ардагер футболшылар арасында халықаралық тунир жалауын көтерді. Жарысқа спортты жанына жақын тартан, салауатты өмір салтын ұстанғандар қатысты. Басым көпшілігі, әуесқой футболшы болса да, кәсіби деңгейде өнер көрсетуге тырысып, жеңіске жетуге талпынды. Сайыс Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды.

Жеңіске деген ынтызарлық, спортқа жанашырлық. Өңірде футболдың дамуына тамшыдай болсада үлес қосуға келгендердің қарасы қалың. Түрлі салада қызмет жасап жүргендер доп тебуден шабыт алып, салауатты өмір салтын ұстанады. Олардың бірі – Жорабек Мұсабаев. 50 жасар спортшы „Мәслихат„ командасының атынан қатысып, Шымкент қаласының намысын қорғайды. Топтың сапында кәсіпкер, әскери қызметкерлер де бар.

Жорабек Мұсабаев

әуесқой футболшы

Дайындығымыз жаман емес. Арамызда 40-тан асқан жігіттердің барлығы. Бүгінгі күндеріңізбен құттықтаймын барлығыңызды. Жақсылық тілеймін.

Өңірде әуесқой футболшылар клубы 2003 жылы құрылған. Сол уақыттан бері жылына бірнеше рет шағын футболдан турнирлер өткізіп, шеберліктерін шыңдайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аяқ доп шеберлерінің деңгейі жыл сайын көтеріліп келеді. Алайда, бұл жолғы жарыста белсенділік танытқандар сапы азаған.

Әлібек Бостанов

ұйымдастырушы

Негізі Өзбекстан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келу керек еді. Келе алмады. Көпшілігі өзіміздің командалар. Тек Өзбекстаннан 1 команда бар. Келесі жылы Ресейден шақырып, Евразиялық қылайын деп жатырмыз.

Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды „Мәслихат„ командасы еншіледі. Үздіктерге қаржылай сыйлық берілді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*