Басты » Мәдениет » „Светыч„ хор ұжымына биыл 7 жыл

„Светыч„ хор ұжымына биыл 7 жыл

Светыч„ хор ұжымына 7 жыл Облыстық славян этно-мәдени орталығының жанынан құрылған ұжым, көрермендеріне есеп берді. Концертте украин, казак, орыс әндерін орындап, әзілге өрілген туындыларын да әуелетті.

Хор ұжымында егде жастағы 40-қа жуық өнерпаз бар. Олар зейнет жасына шықса да бойдағы талантын шыңдап, өнерге деген ыждаһаттылығы жыл сайын еселеп келеді. Осы аралықта еліміздің бірқатар облыстарын аралап, байқаулар да бақ сынаған.

Марина Лимаренко

ОҚО славян этно-мәдени орталығының төрайымы

Біз хор арқылы слаян халықтарының әндерін сақтап, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді қалаймыз. Ән арқылы дәстүрімізді бойға сіңріп, одан әрі дамытуға тырысамыз. Концертте 20-ға жуық туынды орындалады. Қазақ тілінде „Туған жер„ әні айтылады.

Ұжымның қоржынында 90-ға тарта ән бар. Олардың әуезді, жалынды, лирикалық туындыларын тыңдауға көрермендер көп жиналды. Қошеметтерін аямай, әншілердің шабыттарын шарықтатты.

Ирина Утеганова

көрермен

Мен бұл кісілерге таңырқай қараймын. Шабыттана ән айтып, бізге қуат береді. Сүйікті әндерім де орындалды. Қосыла шырқадым.

Есеп беру кешке ұжымды қолдауға Алматыдан әртістер де келді. Олар ізгі тілектерін әсем әндерімен жеткізді.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*