Басты » Мәдениет » Әзілқойлар әскери өмірдегі қызықты оқиғаларды сахналады

Әзілқойлар әскери өмірдегі қызықты оқиғаларды сахналады

Көңілді тапқырлар сайысында қатардағы жауынгерлерден құралған командалар сынға түсті. Облыс көлемінде ұйымдастырылып отырған додаға Тараз, Қызылорда, Шымкент қаласындағы әскери бөлім намысын қорғап келген 4 құрама қатысты. Қатысушыларға қойылатын басты талап, әскери өмір тақырыбында өтімді әрі өткір әзіл дайындау.

Сайыс шымылдығы Тараз қаласынан келген құраманың ойынын тамашалаудан басталды. Сәлемдесу кезеңінде қатысушыларға қойылатын тақырып бір болғанына қарамастан, олар әзіл мен қалжыңды ерекше етіп көрерменге жеткізді. Әзілқойлар әскери өмірдегі қызықты оқиғаларды күлкі сахнасына сидыра алды. 3 кезеңнен тұратын ойында өнер көрсеткен командалардың ұтымды әзілдері көрерменді күлкіге кенелтті.

Атабек САЛИХБАЕВ

6506 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник

КВН ойындары жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Еліміздің Ұлттық ұлан басшысының бұйрығымен жоспар бекітілген. Соған сәйкес осындай шара өткізіледі. Басты мақсат әскерилерді қоғамдық шараға белсене атсалысуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ жауынгерлер арасында ұйымшылдықты насихаттау болып саналады. Жеңімпаздарға Оңтүстік өңірі қолбасшысының кубогі табысталады.

Сахна төрін еркін билеп, күлкінің көк базарында жүрген жауынгердің бірі Дидар Кішікбаев. 6506 әскери бөлімінің атынан шыққан „Көңілді ұландар„ құрамасының капитаны өздерінің өткір әзілдерімен жеңіс тұғырынан көрінеміз деген ниетте. Алматы облысының азаматы алты айдан бері үшінші мегаполистегі 6506 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Қатардағы жауынгердің айтуынша сайыстың үшінші кезеңі шешуші болмақ. Үй тапсырмасына сәйкес команда ойыншыларына қойылатын талапта жоғары болып отыр.

Дидар КІШІКБАЕВ

Көңілді ұландар„ құрамасының капитаны

Үй тапсырмасына әнмен көрініс бірдей болды. Біз әскери қызметтегі солдан алып, өлеңге келтіріп дайындадық. Уақыт жеткілікті болдыда дайындыққа. Сондықтан халыққа өнерімізді көрсетуге келіп отырмыз.

Қызылорда қаласынан ат басын бұрған „Сөзжетпес„ құрамасының ойыншысы 11 күннен соң әскери өмірімен қош айтысады. Сайыс барысында ол көрермен қатарындағы анасын құшағына алып, әскерден қайтқан сарбаздың рөлін сомдады. Бұл көріністі шынайлықпен жеткізген жауынгерлер көпшілікті тәнті етті.

Бас жүлде көпшіліктің көңілінен шыққан құрамаға беріледі. Бұл таңдауды жасау үшін әділ қазылардың құрамына осы саланың хас мамандары шақыртылыпты. Көрерменді күлкіге қарық қылатын дода соңында қатысушыларға әскери өмірде қажетті сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*