Басты » Қоғам » Көпбалалы ана қайырымды жандардың көмегіне зәру

Көпбалалы ана қайырымды жандардың көмегіне зәру

Жоқшылықтың тауқыметін тартып отырған көпбалалы ана қайырымды жандардың көмегіне зәру. 4 баланың анасы Жанна Мырзақұлованың арқа сүйер адал жарым деп жүрген азаматы бірнеше жыл бұрын бала-шағасымен тастап кеткен. Отбасының ахуалы бұл күнде тым мүшкіл. 31 жасар әйелдің табысы болмағандықтан, әкімдіктен берілген алақандай бөлменің коммуналдық ақысын төлеугеде мүлде жағдайы жоқ.

Бұл баспананы әкімдік 31 жасар көпбалалы анаға уақытша тұру үшін 4 ай бұрын беріпті. Дегенмен бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасы қысқа мүлде дайын емес. Мұнда тіпті жылу батареяларыда жоқ. Тіпті мұндағы қандала бүлдіршіндердің денесінен сау жерде қалдырмапты. Жанна Мырзақұлова 4 бірдей баланы бір өзі бағып-қағып отырған жалғыз басты ана. Безбүйрек әкеден балаларына еш көмек көрсетілмейтін көрінеді. Қайта көпбалалы ананың қиын жағдайын білген жаны жомарт бөтен азаматтар тарапынан жәрдем жасалады. Қайырымды шарадан халық қалаулылары мен мешіт имамдары да шет қалмапты.

Жанна МЫРЗАҚҰЛОВА

Мешіттен аламыз көмекті. Жасырмаймыз. Әкімдік осы үйді бергеніне 4 ай болып қалды. 203 мешіттен барып алып келеміз. Содан 1000 теңгеге демалыс күндері жұмыс істеп келемін. Пиражки сатам, жүгері саттым жаз бойы. Арасында осылай көмек беріп кетеді. Солай өмір сүріп жатырмын мен.

Көмекке мұқтаж ана тұрақты жұмысқа кіргісі – ақ келеді. Алайда 2,5 жастағы қызына қарайтын жан жоқ дейді ол. Жаннаның айтуынша олар мешіттен тамақ әкеліп күн көреді. Тіпті бүлдіршіндер бірде тамақ жесе, бірде аш ұйықтап қалады екен. 20 жасар Самат Бекебаев Мырзақұловтар отбасына азық түлікпен көмектесіп тұрады. Өзі балалар үйінде тәрбиеленгендіктен өзге бүлдіршіндер ана мейірімін көріп өссе деген ниетте. Айтуынша ол достарымен бірге ерікті топ құрып, өңірдегі 14 жанұяны өз бақылауларына алған. Сондай-ақ жаны жомарт жан алдағы уақытта көп балалы аналарға арнап жатақхана салуды үкіметке ұсынбақ.

Самат БЕКЕБАЕВ ерікті

Мен секілді және басқа балдар секілді жетім қалып кетпесе екен. Ананың мейірін аңсамай жанында тұрса екен деген. Қазір балалр үйі,аналар үйі қарттар үйі бар. Бірақ көп балалы ан үйі жоқ. Үкіметке ұсыныс тастағымыз келеді. Қазір он ананың бірі жесір қалып отыр. Сол кісілерге арнап, жаңағы жатақхана салып , болашақта ұсыныс тастаймыз.

Жоқшылықтың тауқыметін тартып отырған жанұяның басында тағы бір мәселе бар. Ол жаңа қоныс табу. Өйткені, қазіргі тұрып жатқан жер қысқа мүлде дайын емес. Сондай-ақ бұл тек уақытша баспана. Сол себепті, иесі алдағы уақытта босатудыда сұрауы мүмкін дейді ол. Енді, жалғыз басты ана тек қайырымды жандардан ғаан көмек күтеді. Соңғы үмітім осы дейді. Сауапты іс жасап, мырзақұловтар жанұясына көмектесем деушілер экранда көрсетілген нөмірге хабарласа алады. 8 705 686 02 87

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*