Басты » Мәдениет » Жас прокурорлардың сыныптық шені өсті

Жас прокурорлардың сыныптық шені өсті

ҚР Президенті күнінде жас прокурорлардың сыныптық шені өсті. Облыстық прокуратура жұмысын абыройлы атқарған заң қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Тұңғыш перзидент күніне орай тындырымды тірлігімен, тиянақты жұмысымен көзге түскен прокурорлардың сыныптық шені өсті. Арнайы іс шара барысында оңтүстіктің бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров, мемлекеттік айыптаушыларға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, марапатын тапсырды.

2012 жылдан бері дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан мереке қарсаңында прокурорлар да облыс тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Заң қызметкерлері басшыларымен бірге отырып, мерекелік тартуды тамашалады.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*