Басты » Мәдениет » Өнерлі отбасы шығармашылық кешін атап өтті

Өнерлі отбасы шығармашылық кешін атап өтті

Биыл „Дуэт„ спорттық – би клубының ашылғанына 40 жыл толып отыр. Мерейтоймен қатар өнерпаздар мекеменің басшысының бірі Дмитрий Шуть мырзаның 70 жылдығын тойлады. Айтулы күнге орай “Күн сəулесінің нұры 2017” дəстүрлі байқауының ақтық кезеңі гала концертпен аяқталады. Мәдени шара облыстық орыс драма театрында ұйымдастырылды.

Дмитрий жəне Ольга Шутьтың жанұясы Шымкент қаласының тұрғындарын спорттық балет биімен алғашқылардың бірі болып таныстырған шығармашылық топ. Бұл мектепте тек би өнеріне енді ғана бет бұрған азаматтар ғана емес, кәсіби оқытушыларда білім алған. Дуэт студиясының ұжымы кеңес үкіміті кезінде ақ ұйымдастырылған халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған. Сондықтан болар Облыстық орыс драмма театрының сахнасында тəжəрибесі мол мамандарға жылы лебіздерін білдірген көрермен көп болды. Ал «жетінші континент»,« Мейрам», балет мектебі мерейтойға орай шығармашылық сыйлық əзірлеп келген.

Шуть отбасының ерлі зайыптылары ерекше энергетикасымен көптің көңілін жаулаған жұп. Бүгінде олар қызы Александрамен бірге «Дуэт» спорттық -би клубына басқарады. Бұл мектептен мыңдаған дарынды спорттық балет өнерін жетік меңгерген бишілер мен бапкерлер түлеп ұшқан. Айта кетейік, өз кезегінде үшінші мегаполистегі «Дуэт» клубы алғаш болып ересек жастағы азаматтарға би өнерін үйретуді қолға алған.

Дмитрий Шуть

«Дуэт» спорттық – би клубының басшысы

Соңғы уақытта біз 4 жастан бастап əрі қарай шектеуі жоқ жас аралығындағы азаматтарды мектепке қабылдауды тәжірибемізге енгізгенбіз. Бізде үлкендер үшін мынандай ұранымыз бар. ” Аяғымызда тік тұрғанша билейміз”. Біздің ұжым өте ұйымшыл. Сондықтан мұнда бүлдіршіндер, ересектер, əйелдер мен ер азаматтарғада орын табылады. Біз ерекше биді үйреткенді жақсы көреміз. Бұл өнер жас талғамайды.

Мəдени шараға жиналған қауым концерттік бағдарлама көңілдерінен шыққанын жеткізді.

Наталья Дзюба

көрермен

Біз бүгінгі кешке келіп, Шымкентте осындай шараның өткеніне қатты таңқалдық. Жəне жиі ұйымдастырылып тұрса екен. Мұнда тек ересек жандар емес, балаларды яғни барлық жастағы азаматтарды қамтыған. Өте жоғары деңгейде.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*