Басты » Мәдениет » Бар жақсылық балаларға

Бар жақсылық балаларға

Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі бүлдіршіндерге жаңа жылдық тарту жасады. Шыршаға үшінші мегаполистегі бала бақшалардың 100-ден астам тәлімгерлері қатысты. Қайрымдылық шарасына келген бүлдіршіндерге аяз атамен ақшақар және түрлі ертегі кейіпкерлері қойлылым көрсетті.

Бұл мереке балғындар үшін аяз ата мен ақшақар, сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесетін ғажайып күн. Жаңа жыл қарсаңында Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі бүлдіршіндерді ертегі әлеміне саяхаттатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қайырымдылық шыршасына 100-ден аса бала қатысты. Олардың қатарындағы 30-дан астам балғын концерттік бағдарламада өнер көрсетті.

Жаңа жылдық шырша әрбір балаға шаттық пен қуаныш сыйлағаны анық. Мұны олардың жадыраған жүздерінен көруге болады.

Ибрахим ЧИЛИК

қонақ үйдің бас менеджері

Осындай мерекені ұйымдастрыу біз үшін дәстүрге айналған. Жыл сайын жаңа жыл мерекесіне орай шоу бағдарламасын өткіземіз. Балалар өте қуанышты, жаңа жыл мерекесін сезіндіру үшін риксос қонақ үйінің ұжымы барыншы тырысуда. Алда бүлдіршіндерді қызықты қойылымдар мен мерекелік дастархан күтіп тұр.

Балаларының қуанышты жүздерін көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жаңажылдық шоу бағдарлама аяқталған соң, балғындар мерекелік дастарханнан дәм тататын болады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*