Басты » Мәдениет » Кәсіп түбі — нәсіп

Кәсіп түбі — нәсіп

Бинеске жол бастаған Оңтүстік жастары 5 айда атқарған жұмыстарын көрсетті. Кәсіп ашуға қызыққандар „Жас проджект„ жобасы аясында 1 млн теңгеге қол жеткізген.

Кәсіпкерлікке ден қойғандардың бірі – Гүлжазира Дарушева. Ол жоба аясында берілген 1 млн теңгеге 8 орыс ешкісін алып, көбейтуді көздеп отыр. Бинеске енді ғана жол бастаған нәзікжанды, қалтасының қамын күйттемей, қайырымдылыққа бет бұрды. Яғни, ол алған сүтін әлдеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға теңдей бөліп береді. Жаны жомарт жан, алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтпек.

Жастар корпусын дамыту – Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Мақсаты – жастарды, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық пайдалы қызмет дағдыландырып, кәсіпкерлікке үйірту.

Алғаш рет қолға алған жоба Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық түрде іске асырылып жатыр. Күнгейде жобаға қатысуға 1600 адам үміт білдіріп, жәрдемақыға 100-і қол жеткізді. Қазіргі таңда жобасын 97 үміткер жүзеге асырып жатыр.

Сейдулла Исмаилов

Жастар корпусын дамыту„ жобасы үйлестіру агентігіннің ОҚО бойынша өкілі

Топтар болады. Ай сайын топ мүшелеріне степендия беріледі. 26 мың — 60мыңға дейін

Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы адамдар қатысуға мүмкіндік алды. Кәсіпкерлікке қадам бастағандар, алдағы уақытта мемлекет тарапынан берілер өзге де жеңілдіктерге қол жеткізе алады.

Оңтүстіктің еңбекқор жастары Шымкентте жиналып, өз жобаларын көпшілікке ұсынды. Осылайша, армандарына бір қадам жақындап, қолға алған істерін нәтижелі етпекке тырысты.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*