Басты » Қоғам » Қоғамдық көлік қызметкерлері даурығып отыр

Қоғамдық көлік қызметкерлері даурығып отыр

Қоғамдық көлік қызметкерлерінің айтуларынша, әкім ауысқан сайын талап та өзгереді. Мәселен, қала әкімдігі, шаһардағы маршруттардың барлығын бір компанияға біріктіреміз деген. Бұл ұсыныс жүзеге асса, жеке компания өкілдері жұмыссыз қаламыз деп қорқып отыр.

Жиында базынасын айтып, жан айқайын жеткізгендердің бірі Елікбай Тоқбергенов. Кәсіпкер ұзақ жылдардан бері шетелдерден қоғамдық көлік тасымалдаумен айналысады. Оны, заңның мың құбылатыны мазалайды. Оның айтуынша, Шымкент қаласында әкім ауысқан сайын, әр бірі өз тәртібін енгізеді. Ал, шығынға батып, зардап шегетіні кәсіпкерлер.

Елікбай Тоқбергенов

Санжар Моторс„ ЖШС директоры

Правила перевозок деген бар, утвержденный. Ол жерде типовой контракт деген бар. Ол екі жаққа да справедливый жасалған. Олар сол типовой контрактты өзгертіп пункттарын в свою пользу істеп тастаған. Шалынса тартып алады.

Южно Корейский автобустардан 2006 жылы 37 әкелдім. Одан кейін әкім ауысып кетіп, басқасы келді. Ол кісілердің саясаты уже басқаша болады. Сол кезде алған 140 млн теңге кредитім бар. 2011жылы тағы жаңалаңдар автобусты деді. Осы қарыздың үстіне тағы 10 автобус алдым. Әйтпесе, маршрутыңды алып қояды. Кейін бар маршруттың бәрін тартып алып қойды. Қалаға жаңа автобус керек, сенің автобусың ескірді деп маршруттарды тартып алып қойды. Енді, мына қарыздың барлығы мойнымда қалды.

Қоғамдық қабылдауға облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, құқық қорғау органдары, мен кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты. Олар, тасымалдаушылардың мәселесін тыңдап, заң жүзінде жол сілтеуге тырысты.

Енді қоғамдық қабылдауға қатысқандар, көтерілген мәселені қала әкімімен өтер жиында талқылап, оңтайлы шешімге келеміз деп тарқасты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*