Басты » Қоғам » Шымкентте қар тазалау қарқынды жүргізілуде

Шымкентте қар тазалау қарқынды жүргізілуде

Қыстың бірінші күні ақ түскен қар, көлік қозғаласын қиындатып қана қоймай, тұрғындарды да әуреге салды. Соңғы ақпарға сәйкес, қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарына 91 арнайы көлік пен мердігер компанияның 258 қызметкері жұмылдырылған. Коммуналдық қызмет көрсету мамандарының жұмысын халық қалай бағалады.

Соңғы бес күннен бері үшінші мегаполисте әлсін-әлсін қар жауып тұр. Мердігер кәсіпорындар қардан тазалау жұмыстарын 1 желтоқсаннан бастап қолға алғандығын айтады. «ЛТД Турмыс» ЖШС -не шаһардың орталық көшелерін тазарту жұмысы жүктелген. Күн сайын қолайсыз ауа райымен күресуге жалпы 44 жүргізуші жіберіледі дейді мамандар. Биыл аталған мекеме 24 мың текше метрді құрайтын инертті материал сатылып алынған. Тұрғындардың сөзінше қаладағы орталық жолдарында жұмыс жүргізілгенімен , жаяу жүргіншілер жолағы толық тазаланбаған.

Малика Атаходжаева

студент

Мұнда жаяу жүргіншілер жолын тазаламағаны көрініп тұр. Бірақ қар көлемі аз.сондықтан жүруге аса қатты қиындық туып отырған жоқ әзірге.

Редакциямызға келіп түскен бейнероликте Рысқұлов көшесіндегі қарға толы жер үсті өткелінің көрінісі бейнеленген. Мына кадрларда көк тайғақ баспалдақтан көтерілу адам өміріне қауіп төндіретінін байқауға болады. Түсірілім тобы аталған көшеге барып, коммуналдық қызметкерлердің бұл жерде жұмыс жүргізуді ұмытып кеткенін анықтады. Абырой болғанда әзірге мұнда тұрғындардың жарақат алғаны туралы оқиға тіркелмепті.

Ни чистят вообще. Забыли про переход, за всю зиму может только один раз почистят…

Бұдан өзге тұрғындарды мазалайтын тағы бір мәселе бар. Жылыту элементтері бар бұл өткелде, қар өздігінен ерімейді. Керісінше бұл жер көк тайғаққа айналған. Күнделікті осы жерден жолдың арғы бетіне өтіп жүрген оқушылар мен студенттер, мұнда мәнерлеп сырғанаумен айналысуғада болады дейді. Аталған мәселе әсіресе аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлерге кері әсерін тигізеді дейді тұрғындар.

Тілеп Бақберген

студент

Күнделікті осы көпірден өтем, тазаламайды тайғақ. Тазалау керек бұл жерде болмайды мынау. Үлкен қариялар құласа, бір жері сынса, болмайды ғой ол.

Жалпы қар тазалау жұмыстарына 1 желтоқсаннан бастап 91-ден астам арнайы көлік жұмылдырылған. Барлығы да қала көшелерін тазартып, көлік қозғалысын жақсартуға үлес қосып жатыр. Нәтижесінде жұмысшылар шымкенттегі 161 көшені қардан тазалапты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*