Басты » Криминал » Оңтүстікте бір күнде екі шенеунік парамен ұсталды

Оңтүстікте бір күнде екі шенеунік парамен ұсталды

Шенеуніктерді ұстау бойынша операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік департамент қызметкерлері жүргізген. Ведомстваның баспасөз қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өтепов пен осы ауданның әділет басқармасының басшысы Түйнебаев жеке кәсіпкерлерден қоғамдық тамақтану сауда орталықтарын ашуға жағымды қорытынды беру үшін 600 мың теңге пара алғаны үшін қамауға алынған. Сот қаулысымен олар қазір Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Бүгінде осы оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Данияр Тұрғанбаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасар

«Қазіргі таңда департаменттің тергеу бөлімі екі басшының ісіне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл оқиғаны 1 ай көлемінде анықтадық. Өйткені алдымен бір кәсіпкер келді, содан екіншісі. Осылайша 29 қараша күні 600 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстадық. Ал 30 қараша күні сайрам ауданы сотының шешіміне сәйкес, олар уақытша қамауға алынды.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*