Басты » Қоғам » Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізілмек

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізілмек

Енді тергеу органдары құпия тергеу жұмыстары жайлы азаматты хабардар етуге міндеттеледі. Осылайша, өзін аңдуды және қоңырауларының тыңдалуын негізсіз деп тапқан азаматтар құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алады. Бірнеше ай жасырын бақылауда болған күдіктіге бұған дейін бір тиын да төленбейтін. Енді айыбы дәлелденбеген адамдарға моральдық өтемақы берілмек. Жиын барысында мамандар жаңа құжаттың 3 негізгі артықшылығын атап өтті. Біріншісі – азаматтардың құқығын мейілінше қорғау, екіншісі – тергеу процесін тездету және құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейту. Сондай-ақ іс жүргізу барысындағы бірнеше санкция прокуратура құзырынан тергеу судьясының қарауына өтеді.

Айдар Тастеміров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент басқармасының басшысы

Жаңа заң жобасында қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту көзделген. Ал, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларды ұстау мерзімі 24 сағаттан асырмау ұсынылған. Дегенмен аса ауыр қылмыс жасаған, террористік, экстримістік және топпен жасалған қылмыстық топ қамауда 72 сағат ұсталады. Айта кету керек, құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту жөніндегі жаңа заң жобасы Президенттің тікелей тапсырмасымен әзірленді. Жобаның нақты нұсқасы алдағы жылдың қаңтар айынды белгілі болмқақ. Әрине алдымен Еласы аталған жарлыққа қол қойса, заң өз күшіне енеді.

Құжаттың тағы бір жаңашылдығы экономикалық қылмыс жасағандар қамауға алынбайды. Алайда бұл жеңілдік жалған ақша жасау, ұйымдасқан топ қызметі секілді қылмыс түрлеріне қатысты емес.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*