Басты » Спорт » Ел намысын қорғап жүрген Бобыржан Момыновпен арнайы сұхбат

Ел намысын қорғап жүрген Бобыржан Момыновпен арнайы сұхбат

Кәсіпқой бокстағы дара жолын енді бастап келе жатқан жерлесіміз Бобыржан Момынов бір жыл бұрын Америкаға аттанған еді. Тәжірибесін арттырып, өзін дәлелдеуді мақсат еткен спортшы қазіргі таңда көк туымызды көкке көтеріп келеді.

Біраз уақыт құрлық асып жақындарынан жырақ жүрген былғары қолғап шебері елімізге түбегейлі келмеген. Бокстан еліміздің оғландары осал еместігін көрсету үшін алыс жолға аттанған ол туған жерге аз уақытқа табан тірепті. Ет жақындарын көріп көзайым болған соң спортшы сүйген жарымен тағы да биік шыңды бағындыру үшін кәсіпқой бокстың отанына жол тартады.

Жеңіске жетем деген сенім әр спортшының бойында бар. Өз сенімімен қатар өзгелердің сенімін арқалаған жанда тағы тәжірибе де болмақ керек. Ал тәжірибе сенен мықтылармен өткен айқаста шыңдала түспей ме? Осыны ескерген Бобыржан Әйгілі Альварестпен спаринг өткізген. Дайындықта түскен бейнеүзік біршама уақыттан соң елімізде кеңінен таралды. Қазақстан намысын қорғаған Головкиннің қарсыласымен жаттығу жасап жатқан жерлесімізді дүйім жұрт түсінбеді сол кезде.

Туған жердің намысын жықпай, дүйім елдің сенімін арқалап жүрген ұлан кәрі құрлыққа үлкен тәуекелмен аттанған. Ешкімнің құшақ жайып қарсы алмасын білсе де Момынов өз дегенінен қайтпады. Жолында кездескен қиындықтарға қарамастан, жаратқан өзі жар болып, жерлесіміз білікті мамандарға жолыққан.

Әй баста, әуесқой бокс арқылы шаршы алаңды таңдаған тарлан кәсіпқойға ерте келмегеніне өкініш білдіреді. Бірақ бокс тарихын қарасаңыз бұл жолда жеңіске ұмтылғандар 50 жасқа дейін қолғап түйістіріп жүр.

Пенде қандай жетістікке жетсе де адамдығынан айрылмау керек деген бапкерінің сөзі оған әлі де өмірлік ұстаным. Жеткен жетістігі мен шыққан биігіне қарамастан өзін өте қарапайым ұстайтын боксшы осы қасиетімен көпке үлгі. Адамгершілігінен айрылмаған белгілі боксшы жеңіске жеткенде ұстамды болу керектігін айтады.

Әр батырдың артында оны түсінетін, сүрінгенде қолдайтын нәзік жанды тұрады. Бобыржанның өмірлік жары да сондай ақылдылардың қатарында. 1 жылдан аса уақыт өмірлік серігін күткен жолдасы турасында спортшы үлкен сезіммен сөз етті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*