Басты » Мәдениет » Достық туын желбіреткен „ТҮРКІСОЙ„ шымылдығын жапты

Достық туын желбіреткен „ТҮРКІСОЙ„ шымылдығын жапты

Тұран төрі түркі халықтарының ынтымақтастығын арттырды. 2016 жылы ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында „Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы„ жылы деп қабылданған еді. Күнгейліктер, мерейлі мерекені 22 наурыз жаңа жылмен қатар қарсы алып, сәні мен салтанатын жарастыра тойлады. Осылайша, түркі елдерінің басын қосып, достығын еселеп, қазақ елінің салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сақтаған, тарихқа қанық екендігін тағы бір көрсетті. Араға 10 ай салып, енді салтанатты шараның жабылу рәсімі өтті.

Басы барды идіріп, тізесі барды бүктірген„ көк бөрінің ұрпақтары, тектілігін танытып, достық туынды желбіретті. Салтанатты шара, түбі бір түркі елдерінің символы тектес, көкжалдар биімен басталды. Осылайша, жиналғандардың рухын тіктеп, бойға тұнған қайсарлығын еселеді. Ер түрікті бесігі атанған қасиетті өңірде 10 айдың ішінде 40-тан астам мәдени шара өткізіліп, 1000 аса өнерпаздың басын қосты. Нәтижесінде, Оңтүстік жұртшылығы мәртебелі мерекені абыроймен өткізді.

Фырат Пурташ

ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары

Түркі елдерінің мәдениетін насихаттап, достығын нығайтар мерекені Түркістан қаласы жэоғары деңгейде өткізді. Әр бір шара, халықты рухани байытты. Елдер арасындағы байланысты еселей түсті. Рақмет, сіздерге. Қазақ елі жасасын.

Концертте жыл басынан бері мерейлі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандардың мәртебесі көтеріліп, марапатқа ие болды. Олардың бірі – Жұмабек Есімов. Білікті маман, „Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы„ жылы аясында ұйымдастырылған барлық концерттердің режиссері болып, әр кештің мінсіз өтуіне септігін тигізген.

Жұмабек Есімов

режиссер

Көп қиналған сайын оның жемісі де көп болады. Көп күш салынса, бәрі бір өзін көрсетеді. Біз көп күш салдық. Облыс болып, жұмылып. Бұл жалғыз Менің емес, облыстың еңбегі

1993 жылы құрылған „Түркісой„ халықаралық ұйымына 14 түркі елдері мүше. Күнгейдегі шараға 10 елдің 55 өнерпазы қатысып, әр бірі өз елінің дәстүрінен сыр шертіп, мәдениетін насихаттады. Қошеметке кенелгендердің бірі – Зиля Бахтиева мен Загир Зайнитдинов. Башқұртстандық қос өнерпаз рухты әндерін әуелетіп, ұлттық аспаптарында ойнады.

Зиля Бахтиева

әнші //Башқұртстан//

Біз орындаған ән „Халқыма„ деп аталады. Менің авторлық туындым. Салтанатты шараға аранайы жаздырдық. Башқұрт халқының тарихын болмысын баяндаймын. Қоржынымда заманауи бағытта өңделген ұлттық нақыштағы әндер. Қазақстанға алғаш келуім.

Загир Зайнитдинов

әнші //Башқұртстан//

Менің қолымда Башқұртстанның ұлттық аспабы қурай. Халқымыздың ең сүйікті музыкалық аспабы. Мұның ерекшелігі, 5 саңылауы бар. Дыбысы да ерекше. Қурайдың гүлі Башқұртстанның туында бейнеленген. Сондықтан, аспап еліміздің симвколы іспеттес.

Достық туын желбіреткен шара осылайша шымылдығын жапты. Түркістанда ТҮРКІСОЙ Тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысында 2018 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы болып, Түркияның Кастамону қаласы белгіленді.

і

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*