Басты » Қоғам » Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап қандай?

Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап қандай?

Мемлекеттік қызметкерлер „Әдеп кодексі„ талаптары мен басқа да заңнамаларға қатысты арнайы Әдеп жөніндегі уәкілден кеңес алды. Оңтүстікке іс сапармен ат басын бұрған Төлеген Ташмағамбетов қала тұрғындарына да жеке қабылдау жүргізеді. Алдағы уақытта осындай түсіндірме жұмыстары Ордабасы және Түркістан қаласында іске асады деген жоспар бар.

100 нақты қадам Ұлт жоспарының 12-қадамы мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге арналған. Оны жүзеге асыру мақсатында өткен жылы 1 қаңтарда еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің жаңа әдеп кодексі қолданысқа енгізіліп, заңнаманың нақты жүзеге асыруын қадағалайтын Әдеп кеңесі құрылған еді. Оңтүстікке іс сапармен келген Төлеген Ташмағамбетов жаңа кодекстің өңірімізде орындалу сапасын бақылап қана қоймай, мемлекеттік қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын да жүргізді. Сондай-ақ жиын аяқталған соң, мамандар мен тұрғындар әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауына қатыса алады.

Төлеген ТАШМАҒАМБЕТОВ

ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап, білімділігі мен тәжірибесімен қатар әдеп нормаларын сақтау. Өйткені қоғам тарапынан көп сындар айтылады. Әдеп кодексін бұзып жатыр деп. Соның алдын алу м ақсатында өткізіп отырмыз. Бұрындары мемлекеттік қызметкерлерде материалдық тұрғыда шектеу қойылса, қазір моральдық тұрғыдада бар деуге болады.

Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі шенеуніктерге моралды-этикалық жағынан ғана емес, олардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысына байланысты да талап қояды. Оны орындау мемлекеттік орган қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Ал арнайы құрылған кеңес әдептілік нормаларының сақталуын қадағалайды. Аталған кодексті елемегендер жауапкершілікке тартылады. Дегенмен Төлеген Жұмабекұлы алдымен ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз дейді. Ал ең соңғы қадам тәртіптік жауапкершілік. Оған жеткізбеу үшін осындай кездесулер ұйымдастырылып тұрады.

Төлеген ТАШМАҒАМБЕТОВ

ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Біз нақты айтсақ, мемлекеттік қызметкерді жазалау деген соңғы стадия. Біз оны насихаттау жұмыс арқылы жол бермеу жолын қарастырамыз. Жазалайтын орган жетеді, егер бізде жазалауды мақсат қойсақ олардың жұмысқа деген ынтасыда болмайды ғой. Жалпы мынау орталық комитеттің апаратын айтар болсақ, 2 жылда 26-27 адам тікелей орталық аппаратындағы уәкілге шағымданған. 7-8 не тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы, мінез-құлқы қоғамның мемлекеттік органдарға деген көзқарасына әсер етеді. Сондықтан, жиында әрбір маман қай кезде болмасын, жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтауы тиіс екеніндігі айтылды.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*