Басты » Мәдениет » Киелі кесенелер тарихына тағзым

Киелі кесенелер тарихына тағзым

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымы, жастармен бірге өткенге шегініс жасады. Яғни, күнгейдегі киелі жерлер, тарихи — мәдени ескерткіштерді түгендеп, тарихымен танысты. Білімге құштар жастар, әр мәліметті санаға сіңіріп, белсенділік танытып, сауалдарын жолдады.

48 жылдық тарихы бар кітапхана, балаларды рухани байытып, жан сарайын жадыратуға күш салады. Саналарын жаңғыртып, тарихты ұғындырып, ұлағатты ұрпақ өсіруге тырысады. Нәтижесінде, жас оқырмандарының саны 30 мыңға жуықтап, әр бірінің білімге құштарлығын оянағн. Бұл жолы ұжым, елбасының „болашаққа бағдар: рухани жаңғыру„ мақаласы аясында танымдық шара өткізді.

Оңтүстікте мәдени-тарихи, ғылыми маңызы бар 1281 ескерткіш бар. Жастарға оның 20-дан астамы таныстырылды. Яғни, тарихынан сыр шертіліп, орналасқан аумағы, қасиеті айтылды. Тағылымы мол шараға келгендердің бірі – Әбілқайырхан Сәруәр . 8-ші сынып оқушысы, тарихты оқып, тың дүниелермен танысты.

Қазіргі таңда кітапхана қорында 253 мың оқулық бар. Оның 89 мыңы қазақ тілінде жарық көрген.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*