Басты » Қоғам » Елімізде 4 пайызбен эконесие берілуде

Елімізде 4 пайызбен эконесие берілуде

Бұл бастама БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Эко-Даму» шағын несиелер бағдарламасы бойынша экологиялық жобаларға қаржылай қолдау көрсетілмек. Яғни «Ұлттық парктер мен қорықтардың маңайында тұратын елді мекендер үшін арнайы несиелер берілуде. Ауыл тұрғындары ағаш кесіп, балық ауламас үшін біз оларға шағын қонақ үй ашу, тоған шаруашылығын дамыту, орман алқаптарын өсіру, я болмаса, ара шаруашылығын жүргізу сынды кәсіп түрлерін ашуға демеу жасалынбақ„- дейді БҰҰ Даму бағдарламасының менеджері Талғат Кертешев. Оның айтуынша, халық арасында «Эко-Даму» бағдарламасына сұраныс жоғары. Себебі пайыздық мөлшерлемесі төмен. «Мәселен, жарты жылдың ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы Барсакелмес, Үстірт, Алтынемел және Іле-Балқаш төңірегінде тұратын елде мекендерге 1,5 млн доллар көлемінде несие таратылған. Нәтижесінде 83 жоба жүзеге асып, 200-ден астам жұмыс орындары ашылған.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*