Басты » Тараусыз » Биыл 600 – ге жуық қылмыстық іс тіркелген

Биыл 600 – ге жуық қылмыстық іс тіркелген

Экономикалық тергеу қызметімен биыл 600 – ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 70 пайызы тергеумен аяқталған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда едеуір төмендеп отыр. Осылай деген облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндады.

10 айды қорытындылаған департамент басшысы жүйелі жұмыстарды тізбектеп, атқарылған жұмыстарды пысықтап шықты. Айтуынша мекемеге берілген мемлекет қаржысы толықтай игеріліп, жоспар 100 пайызға орындалған. Тіпті, млрдатаған қаржы артығымен ел қазынасына түскен.

Биыл маусым айында жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржыны жымқырды деген айыппен қала тұрғыны ұсталған болатын. Одан, 2 млнға жуық қаржы, 180 банк картасы, бірнеше жеке куәлік, түрлі мекемеге тиесілі мөрлер тәркіленіп алынған. Сондай ақ, Енбекші аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметінің басшысы да дәл осындай айыппен қолға түскен болатын. Бүгінгі күнде ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл аталмыш істермен ҚР ҚК іс қозғалған. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында бюджет қаржысын игеру мақсатында қаржыны жымқырып отырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары аяқталуға жақын. Бірер күнде тараптардың танысуына жіберілмек. Барлық күдікті азаматтар қамауда. Сондай ақ полиция қызметкері де осы ұсталған адамадардың қатарында. Қалған ақпаратты прокуратураның келісімімен ғана бере аламаыз.

Бұдан бөлек, кірістер департаментінің мамандары қылмыстық істерге де кеңінен тоқталды. Мәселен, биылдың өзінде экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен 529 іс тіркеліп, оның 297 – сі сотқа жолданған. Ал өндіріспен аяқталған істерге келер болсақ, мемлекетке 10,4 млрд теңге шығын келген. Оның 41 пайызы өндірілген

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*