Басты » Қоғам » «Continental Logistics Shymkent» телекөпір аясында іске қосылды

«Continental Logistics Shymkent» телекөпір аясында іске қосылды

Енді Оңтүстікте жылына 1 миллион тонна тауар өткізуге қауқарлы кешен жұмыс істейтін болады. Үшінші мегаполисте орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» кешенін мемлекет басшысы телекөпір аясында іске қосты. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының вице-президенті Санжар Елубаевта қатысты.

«Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы». Елбасының қатысуымен өткен ұлттық телекөпір осылай аталады. Шара аясында өңірімізде жылына 1 миллион тонна тауар өткізуге қауқарлы кешен іске қосылды. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік рәсімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары да бар. Жаңа нысанның маңыздылығы туралы баяндама әзірлеген Санжар Елубаевтың сөзінше, орталықта – Шығыс-Батыс, Оңтүстік-Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы мен толық сервистік желісі қамтылған .

Мамандардың сөзінше, жаңа көліктік-логистикалық орталығының географиялық маңыздылығы жоғары. Өйткені жаңа нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралі мен теміржол желісіне жақын орналасқан. Аймақтың жүк жөнелтушілері үшін артықшылығының бірі – мұнда Cross Docking мультимодальды қызмет көрсету жүйесі енгізілген.

Бүгінде жалпы аумағы 92 гектарды құрайтын «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығында инвестиция құны 35,6 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда кедендік рәсімдеу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қызметтері бір терезе қағидасымен жүргізіледі. Сондай-ақ орталықта уақытша сақтау қызметі де қарастырылған.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*