Басты » Қоғам » Грантты уәде етіп ақша алған азамат тергеліп жатыр

Грантты уәде етіп ақша алған азамат тергеліп жатыр

“Жоғарғы оқу орнында ақылы бөлімнен тегін оқуға ауыстырамын ” деп азаматтардың қаржысын қалтасына басқан алаяқ қолға түсті. Əл Фараби ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің мəліметінше 20 жасар жігіт Мұхтар Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті проректорының жиені болып шықты. Туыстық қарым қатынасты пайдаланып Мақтарал ауданының тұрғыны студенттерді арбауына түсірген.

Гүлзинат Ашимованың қызы Мұхтар Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенті. Ақылы түрде оқып жүрген ізденуші, грантқа ауысу үшін ұсынылған мүмкіндікті анасына жеткізген. Гүлзинат ханым көп ойланбастан келесі күні – ақ несие рəсімдепті. Сөйтіп 350 мың теңге көлеміндегі қаржыны 20 жасар жігіттің қолына ұстатқан.

Гүлзинат АШИМОВА

жәбірленуші

Енді мына проректордың атын жамылды ғой. Менің атам деп. Заңды түрде нотариус арқылы бердік ақшаны. Апше уайымдамаңыз боп қалды, деп келді. Реттеп жатырмын деді.

Мемлекеттік оқу грантын саудаға салған азамат туысының проректор лауазымында отырғанын айтып адамдардың сеніміне кірген. “Балам ақысыз оқуға ауысады” деп үміттенген ата-ана, көптен күткен арманы орындалмайтынына көзі жеткен. Содан Гүлзинат Ашимова проректормен кездесуге бел буыпты.

Гүлзинат АШИМОВА

жәбірленуші

Алдынан өттік. Білгендерін істеңдер жұмысым жоқ деді. Машеник ол інімнің баласы деді. Машенник қой ол деді. Көзімізше әкесіне звондады. Бір ата ана емес көп қой деді.

Жəбірленушінің сөзінше, күдіктіні полиция бөлімшесіне əкелгенде, мамандардың бірі оны танып, азаматтың əлі күнге дейін бостандықта жүргеніне таң қалыпты. Өйткені дəл осындай қылмысы үшін азаматты өткен жылы да уақытша қамауға алған.

Сейітхан СЕЙІТЖОМАРТ

Әл – Фараби ауданы полиция бөлімінің басшысы

2017 ж 20 қараша дан бастап Әль фараби бөліміне осы бір жоғарғы оқу орынның бірінде 20 жасар ер жігіт грантқа ауыстырамын деп ақша алған деген арыз түсті. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Мақтарал ауданының тумасы қолға түсті. Қылмысын толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Жәбірленушілер саны 40- қа жетіп жатыр.

Уəдені үйіп-төгіп елдің ақшасын алдап алған азаматтың ісіне қатысты соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы студентті грантқа ауыстыру жұмыстарымен арнайы құрылған комиссия айналысады. Ол үшін тәлімгер білім ордасындағы қоғамдық жұмысқа белсене ат салысып, оқу үлгерімі де жоғары болуы шарт.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*