Басты » Қоғам » Қала әкімі бас жүлдені жеңіп алған мәслихат командасын құттықтады

Қала әкімі бас жүлдені жеңіп алған мәслихат командасын құттықтады

Шымкентте қалалық мәслихаттың 23-ші сессиясы өтті. Жиында тілшілер қауымы шаһар әкімі Нұрлан Сауранбаевпен алғаш рет жүздесті. Қала басшысы өз кезегінде, халықаралық турнирде үздік танылған Мәслихат командасын құттықтады.

Жиынды ашқан қала мәслихаты сессиясының төрағасы Ерболат Нұрманов, шағын футболдан бас жүлдені еншілеген әріптестерін құттықтады. Ал, шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев оларға кубогын табыстады.

Көтеріңкі көңіл-күймен депутаттар жұмыстарына кірісті. Жиында олар 29-шы қазан күні 22-ші сайлау округында сайланған Рамазан Бектұрғанов таныстырылды. Оны әлеуметтік саланы дамытуға бірден қабылдады. Қала әкімінің орынбасары Гүлнар Құрманбекова , орын алған өзгерістерге тоқталды.

Гүлнар Құрманбекова

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Нысаналы трансферт 4 млрд 110 млн ға ұлғайтылды. Респбуликалық бюджет 3 млрд теңгеге, жалпы білім бөліміне

Халық қалаулылары бір ауыздан енгізілген өзгерісті қолдады. Бозарық 1,2,3 шағын ауданынің ішкі электр желісіне 131 млн теңге бөлінді. Қызылжар шағын ауданындағы мектеп құрылысын жалғастыруға 50 млн, ал, 100 млн теңгені Бекжан базарының маңындағы жол айырғыны жөндеуге бөлді.

Депутаттар 20 минут ішінде кубокқа қол жеткізіп, қала бюджетіне өзгерістер енгізіп, сайланған жаңа әріптесін құттықтап үлгерді.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*