Басты » Қоғам » Өңірімізде пробация қызметінің жұмысы ақсап тұр

Өңірімізде пробация қызметінің жұмысы ақсап тұр

Соңғы 10 ай мерзімде облыс бойынша сотты болған 79 азамат қайта қылмыс жасап, 68 азамат тәртіп бұзыпты. Бұл ақпарат әкімшілік іскерлік орталықта өткен Үйлестіру кеңесінде мәлім болды. Дегенмен жиын барысында сотталғандардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында әлеуметтік оңалту жөніндегі стратегияны әрі іске асыру үшін арнайы жоспарда түзілді.

Осыған дейін қазақстан түрме индексі бойынша әлемдегі жетекші елдің үштігінде болған. Яғни босатылатындардан қамалатан азамат саны көп болған. 2013 жылы бас прокуратура „түрме реформасын„ іске қосып, Елбасымен бұрынғы сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясыда бекітілген еді. Нәтижесінде еліміз әлемдік рейтингте 63 орынға жайғасқан. Дегенмен үйлестіру кеңесінде облыс прокуроры пробация саласындағы жұмыс нәтижесі көңіл көншітпейтіндігін жеткізді.

Нұрғалым ӘБДІРОВ

ОҚО прокуроры

Бүгінде пробациялық бақылаудағы 1800-ден астам адам әлеуметтік құқықтық көмекке мұқтаж . Олардың тек 3/1 ғана жұмыспен қамтылған. Ал әкімшілік жанында құрылған консультативтік кеңесші органдары өз міндетін толық орындамауда. Тіпті прокурорларда бұл мәселені назардан тыс қалдырған. Нәтижесінде 79 сотталған азамат қайта қылмыс жасаған, 68 азамата тәртіпті бұзып қайта түрмеге отырғызылған

Сондай-ақ бұрын сотталғандарға квота бөлу талаптары да кейбір ауданда орындалмапты.

Жанболат Туғанбаев

ОҚО прокурорының орынбасары

22 мысалы Мақтарал, Ордабасы аудандары мен түркістан қаласында квота мүлде бөлінбеген. Нәтижесінде 1156 есептегілер жұмыспен қамтылмаған. Шымкент қаласының әкімдігі квотаны тек ағымдағы жылдың қыркүйек айында белгілеу салдарынан 2500 есептегілер жұмысқа қол жеткізбей отыр. Ағымдағы жылдың он айында есептен өткен 5981 сотталғанның 40-ы немесе 07 пайызы жұмысқа квотамен орналастырылды. Бұл өте төмен.

Прокурор орынбасары заң талабына сай әкімдікте түзеу мекемелерінен босатылған адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілуі қажеттігін жеткізді. Оның мөлшері бюджеттің шамасына қарай анықталады.

Жанболат Туғанбаев

ОҚО прокурорының орынбасары

Мысалы солтүстік қазақстанда 63 адам осы көмекті пайдаланып оларға 1 млн 300 мыңнан астам теңге көлемінде көмек көрсетілді. Дегенмен бұл көмекті біздің облыста қолданбауда. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру негізінде оларды кәсіппен айналысуға шақыру. Өрлеу және Ырыс бағдарламасы аясында 17 адам 12 млннан астам шағын несие алған. Бұл жағдай тек облыстың 12 ауданында ғана ұсынылған.

Статистикаға сәйкес, Оңтүстіктегі колонияда 29 бизнес субьектілері кіріп, жеке кәсіп ашылған. Осылайша 182 сотталғандар жұмыспен қамтылып, 500 сотталған азамат кәсіптік білім алуда. Қосымша ақпар қазір пробация есебінде 26 кәмілетке толмаған азаматтар тұр.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*