Басты » Қоғам » Шымкентте құқық қорғау қызметтер орталығы ашылды

Шымкентте құқық қорғау қызметтер орталығы ашылды

7 желтоқсан күні 11 мекеменің қатысуымен құқық қорғау орталығы ашылды. Мұнда 22 түрлі сала бойынша мамандар қызмет етеді. Демек енді жергілікті тұрғындар құқықтық кеңес аламын деп, әр мекеменің есігін қақпайтын болды. Олар тікелей құқық қорғау қызметтер орталығына барып, толғандырған сұрағына жауабын ала алады.

Жансейіт Түймебаев

ОҚО әкімі

Бүгін біршама жұмыстың нәтижесін жинақтап, осы «Нұр Отан» партиясы ғимаратында, ОҚО Құқық қорғау қызметтер орталығын ашып отырмыз. Арнайы бір жерде болсын деген жоспар да болды. Қазір бірге көреміз. Неғұрлым осы саладағы түсінбеушіліктер, наразылықтар азайса, біздің жұмысымыз алға жылжиды.

Халықтан түскен арыз шағымдардың қатарын азайту басты мақсат. Сондықтан, арнайы орталық ашып, мамандарды бір орталыққа біріктіру арқылы, халыққа тиімді қызмет жасамақ. Бұл жерде көкейдегі сұраққа сауатты әрі жылдам жауап беріледі.

Халықтың игілі үшін салынған ғимарат заманға сай жабдықталып, инженерлік-техникалық қондырғылармен қамтамасыз етілген. Сондай ақ, келушілерге күту залы да қарастырылған. Тіпті, табалдырықтан кіргеннен ақ, мамандар, сіздің мәселеңізді тыңдауға дайын.

Кез-келген адамның толғандырған мәселесі тиісті сала мамандарына жолданады. Құқық қорғау қызметтер орталығы Бейбітшілік көшесіндегі облыстық Нұр Отанның ғимаратында орналасқан.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*