Басты » Қоғам » Түркістанда жаңа су қойма салынды

Түркістанда жаңа су қойма салынды

Түркістанда жаңадан салынған су қойма 350 гектарды суландырады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен, Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауылдық округінде жаңа «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Су қойма жалпы қоры 2 млн. м3 суды сақтауға қауқарлы. Су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі өңірде мұндай су қоймалардың саны болашақта артатынын жеткізді. «Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-і жүргізген. Құрылыс нысанын салуға 471 млн теңге жұмсалған. Бүгінде су қоймасы ел игіліне беріліп отыр. Алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілетін болады.

Жанболат МАЛАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*