Басты » Тараусыз » „Қала дауысы„ байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

„Қала дауысы„ байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

Бұл жолы да бәсекелестік басым болып, таланттылар өзара сынға түсті. Әр бірі өз мүмкіндікті мүлт жібермей, үздіктер сапына енуге асықты. 

Байқауда бақ сынағандардың бірі — Зарина Нұржанова.13 жасар жас өнерпаз ән үйірмесіне 1,5 жылдан бері қатысады. Аз уақыттың ішінде „Бала дауысы„ сайысына қатысып, Оңтүстік өңірінің намысын қорғады. Жаңашылдыққа құмар, ізденімпаз жас, ТВК телеарнасы ұйымдастырған байқауға келіп, шеберлігін шыңдамақ.

14 жасар Нұрай Жанзақованың айырықша дауысы таңқалдырмай қоймады. Музыканы жүрекпен сезіп, халыққа әсерлендіре жеткізетін ол, ән үйірмелеріне қатыспайды. Бұрын соңды ешбір байқауда да бақ сынамаған. Өнер жолындағы алғашқы қадамын „Туған жер„ әнімен басты. Шетелдік туындыларды да тамаша орындайтынын көрсетуге тырысты.

Асыл тастан, ақыл жастан. Болашаққа батыл қадам бастап, зеректігімен танылғандар жастар өңірімізде көп. Ал, қазылар алқасының мүшесі болам деген балалардың белін буып, шабыттарын еселеді.

Айдос Қалиев

қазылар алқасының мүшесі

Дауысың керемет. Мұнымен тоқтап қалмай, өзіңді шыңда. Болашағың жарқын болары сөзсіз. Жұлдызың жансын.

ТВК телеарнасының ұйымдастырған „Қала дауысы„ байқауы 2 ай бұрын, басталған. Осы аралықта 5 іріктеу кезеңін өткізіп, 40-тан астам жастың өнерін бағалады. Байқаудың жартылай финалы 2018 жылдың алғашқы айларында өткізіледі.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*