Басты » Қоғам » Шымкентте көп қабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

Шымкентте көп қабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

Қайтыс болғандардың қатарында 4 жасар қыз, 12 мен 13 жастағы екі бала және олардың әжесі бар. Бұл пәтерді бір отбасы жалдап тұрғаны анықталды. Көршілері балалар мен ересектердің көрінбей кеткеніне алаңдаған. Артынша марқұмдардың туыстары да хабарсыз кеткен әжей мен оның немерелерін іздеп үйге келген. Алайда, есікті ешкім ашпапты. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақыртылып үй есігін бұзып кіргенде төрт бірдей адамның мәйітіне тап болған. Болжам бойынша олар шамамен 3 тәулік бұрын қайтыс болған.

Учаскілік полиция қызметкері үйге келіп, қайтыс болғандарды қашан соңғы рет көргенімді сұрады. Мен бірнеше күн бұрын дедім. Кейін туыстары да дабыл қаққан көрінеді. Өйткені олар телефонға да жауап берген жоқ. Содан үйге келсе, есік жабық. Оны ашу үшін пәтер иесін іздеді. Соңында есікті бұзып кіріп, олардың денесін тапқан. Үшеуі кәмілетке толмаған, біреуі егде жастағы әйел.

Маған таңертең келді. Екі жігіт пен бір полиция қызметкері келді. Жігіттерді танымаймын мүмкін туыстары шығар. Сөйтіп мына кісіні іздеп жүрміз деп суретті көрсетті. Мен бұрын бұл пәтерде тұрғандар шығар деп ойладым. Содан пәтер иесін сұрады. Мен оларға оның нөмірін бердім. Қоңырау шалғанда Ташкент дегенді естіп қалдым. Соған қарағанда ол кетіп қалған. Содан полицейлер кетіп, артынан қайта келді есікті бұзды. Маған үйден шықпаңдар деді.

Алдын ала болжам бойынша, олар газдан уланып көз жұмған. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмдардың денелері 10 желтоқсан күні Республика даңғылындағы №31 үйдің төртінші қабатынан табылған.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*