Басты » Қоғам » 9-желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні»

9-желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні»

9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Айтулы мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оңтүстіктің танымал өнерпаздары əн шашуын тарту етті. Мәдени шара аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған БАҚ өкілдерінің арасында өткен байқау қорытындысы да жарияланды. Жеңімпаздар қатарында ТВК телеарнасының тілшісі Азиза Мадиярда бар.

Жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 400-ден астам іс-шаралар өткізіліп, оған 55 мыңнан астам адам қамтылған. Қоғамды дендеген дертпен күреске шығатындар негізінен жастар. Айтулы күнге орай облыстық филармония ғимаратында музыкалық тыңдалым ұйымдастырылды.

Елімізде 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жүзеге асырылуда. Озық елдердегідей жүйелі алдын алу тетіктері де енгізілген. Дегенмен Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға күш жұмылдыру әрбір азаматтың парызы болуы шарт деген пікірде.

Ғанижан АСАНҰЛЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп беретін мәдениетті қалыптастыру мақсатында. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекет боп емес, қоғам боп атсалысу үшін мәдениетті қалыптастыру керек. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстық филармониямен бірлесе отырып, музыкалық тыңдалым қойып отыр.

Осыған дейін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған БАҚ өкілдерінің арасында байқау жарияланған еді. Сайыс қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында „ТВК„ телеарнасының тілшісі Азиза Мадиярда бар. Арнамыздың журналисті „үздік теле/радио сюжет „ номинациясымен марапатталды.

2004 жылдан бастап 9-желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» болып белгіленді. Содан бері күнгейде айтулы дата ерекше тойланып келеді. Айта кетейік, қазір департамент жанында әдеп жөніндегі кеңесте жұмыс істейді. Бұл мекемеге құқықбұзушылық фактісін байқаған кез- келген азамат жүгіне алады. Сондай-ақ тұрғындарға 51-51-51 нөмірі бойынша сенім телефоныда қызмет етеді.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*