Басты » Қоғам » Нәзік жандылар үшін жағымды жаңалық!

Нәзік жандылар үшін жағымды жаңалық!

Енді өз ісін дамытуға ниет білдірген болашақ кәсіпкер әйелдерге қаржылай көмек көрсетілетін болады. Ең төменгі қаржы 700 мыңнан басталады. Бұл бастаманы қолға алған Кәсіпкерлер палатасы мен Атамекен іскер әйелдер кеңесі өз ісін бастапта кетті. Әл-Фараби ауданының әкімдік аппаратында өткен „Әйел және Бизнес„ форумына түрлі салада жетістікке жеткен нәзік жандылар келіп, өз тәжірбиелерімен бөлісті.

Елбасының Халыққа жолдаған үшінші үндеуі: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік болса, бұл үндеу әйелдер қауымын да бей-жай қалдырмады. „Әйел және бизнес„ атты форумда нәзік жандылардың қоғамдағы рөлі мен маңызы жайлы сөз болды.

ТӨРЕАЙЫМ СҰЛТАНОВА

ФАРМАЦЕПТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ КАНДИДАТЫ

Бала тәрбиесінде болмасын, еліміздің болашағында болмасын, қандайда бір тірліктерде әйел азаматтың алатын орны қоғамда да өте зор. Біздің елімізде әйел азаматтардың жұмыстарына осы қазіргі кішігірім бизнес жасауына өздерінің жанұясының бүгінгі таңдағы әлеуметтік жағдайын дұрыстауына жағдайлар жасалынып жатыр.

Форумның мақсаты: аудан көлеміндегі барша әйелдер қаумының басын қосып, қоғамдағы беделін арттыру. Форум барысында Әл-Фараби ауданының әкімдігі мен Іскер әйелдер кеңесі арасында қарым-қатынастық мемарандумға қол қойылды. Екі жақ бірлесіп, қазіргі нәзік жандылардың толғандарып жүрген мәселерін, шағын және орта бизнестерін қолдайтындарын айтты.

РАУШАН ЖЕРЕНОВА

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ КАНДИДАТЫ

Қазіргі қоғамның әйелі жан-жақты болу керек. Жан-жақты көзқарасты, бәсекеге қабілетті, яғни ол үйінде де жарының жағдайын жасай білу керек. Балдарына керемет ана болу керек .Сонымен қоса қоғамда ең белсенді азаматша болуы керек.

Сондай-ақ, форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жолдары ғана емес ,қаржылық сауаттылықты арттыру тәсілдері де сөз болды. Бұл жөнінде „Еуропалық қайта құру және даму банкі„ өкілі Махаббат Кабираева мәлімдеді. Оңтүстікте 60 мыңға жуық нәзік жанды жеке кәсіпкер атанған. Ал олардың бизнес әлеміндегі мақсатын жүзеге асыру үшін осындай форумдар жиі өткізілетін болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*