Басты » Қоғам » Өз бүйрегін өзгеге сыйлап, өлімнен арашалады

Өз бүйрегін өзгеге сыйлап, өлімнен арашалады

Қайырымдылық- қадірлі іс. Шымкенттің жастары Абзал Әділовке арнап, „Жомарт жүрек„ концертін ұйымдастырды. Кештен түскен қаржы азаматқа табысталды. Қайырымды жан өз бүйрегін төсекке таңылған Жамила Байсеріковаға сыйлап, өлімнен арашалады. Осылайша ізгілікке жан құмартқан азамат оңтүстік жұртшылығының ризашылығын алды.

Қайырымдылық жасау- барлық адамның қолынан келе бермейтін ізгі қасиеттердің бірі. Ал осындай қайырымды іске үлкен батылдықпен кірісіп, өз бүйрегін сыйлаған Абзал Әділов бүгінгі ісімен көпке үлгі бола білді.

Оралдық жігіт Жамиланың науқас екенін әлеуметтік желі арқылы біліп өз көмегін ұсынуға ниеттенеді. Алайда Абзалдың отбасы алғашында бүйрегін бейтаныс қызға беруіне қарсы болған. Бірақ, кейіннен келісім білдіріп, рұқсатын береді. Осылайша Батыстың тумасы екінің бірі бара бермейтін батыл қадамға барып, өз бүйрегін тегін береді. Ал операция Алматыдағы А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығында сәтті жасалады.

АБЗАЛ ӘДІЛОВ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бағдарламаны қарап отырдым да менде адам баласымын ғой жүрегім ауырды да көмек еткен болатынмын. Үй-ішіммен ақылдасып, осылай шешім қабылдадық. Қазір денсаулығым жақсы, бірқалыпты.

2014 жылы Жамиля Байсерікованың екі бүйрегі істен шығып, төсекке таңылады. 23 жастағы ару осыған дейін гемоднализдің көмегімен ғана өмір сүріп келген. Сәтті жасалған операцияның нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарған. Ал Абзалға дәрігерлер алғашқы жарты жылдықта жұмыс істеуге тыйым салып отыр.

Өз бүйрегін мүлдем бейтаныс қызға беріп, өзгеге „екінші өмір„ сыйлаған қазіргі заманның батырына Шымкент жастары осылайша алғыстарын білдірді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*