Басты » Қоғам » Шымкентте тағы да кісі өлімі тіркелді

Шымкентте тағы да кісі өлімі тіркелді

1 жастағы қызымен моншаға түскен 38 жастағы ана ажал құшты. Болжам бойынша олар иісті газдан уланып қалған. Шомылуға кіріп қайта шықпаған. Түнімен монша ішінде жатып қалған денелерді тек таңертең көршілері көрген.

Ол аяғынан тұра алмай тұрған. Сол мезетте мен оған көмектеспек болдым. Ол өзім жуынамын деді. Мен олардың жоқ екенін азанда білдім. Оның бір қызын мен өзіммен бірге ұйықтатуға алып кеткен болатынмын. Азанда қарасам, қыздары жоқ. Бірден оларды іздедім. Сөйтсем, осындай жағдайға тап болдым. Жаурап қалған ба? Басымен құлаған ба білмедім. Түсіне алмадым.

Өздері баспананы жалға алып тұратын жандар, кей кездері танысының үйіне келіп моншаға түсіп тұрады екен. Бұл жолы да әдеттегідей егіздерін ертіп келген азаматша, спиртті ішімдіктен ұрттап алыпты. Оны көршілерінің өздері айтып.

Ол әдеттегідей ішіп келген. Күйеуі ақша әкеліп тастап кетеді. Жұбайы аптасына бір рет келеді. Бұл егіз қызымен менің үйімді жалдап тұратын. Тіпті түнгі уақытта да мас халде жүретін. Өзі жұмыс істемейді.

Егіздің бірі көршісінің қолында қалып аман қалған. Оның денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.

Біз қазір ішкі істер бөліміне барамыз. Мұнан соң , ауруханаға апарамыз. Ал Аминаның жағдайы жақсы. Денсаулығы ешқандай зиян келмеген.

Оқиға орнына келген мамандардың айтуынша, қайтыс болған жандар, уланудан көз жұмған. Десе де бұл диагноз нақты емес. Сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады.

Бізге азаматшаның уланып қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға келсек, 13-41 минутта келсек, әйел адам қайтыс болып кеткен. Және 1 жарым жасар кішкентай қыз қаза болған. Улы газдан қайтыс болған деп отырмыз.

Қазіргі таңда оқиға қатысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*