Басты » Қоғам » Арыс ауданында дәрігерлер жетіспейді

Арыс ауданында дәрігерлер жетіспейді

Арыс ауданында ішкі істер қызметкерлері мен дәрігерлер жетіспейді. Бұл туралы облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған „Сенім жолы„ жобасы аясында айтылды. Түрлі сала мамандарынан құралған топ, Арыс қаласында бірнеше күн болып, проблемалық мәселелерді қарады. Яғни, халықтың көкейінде жүрген сауалдары мен сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, участкелік полиция инспекторларының материалдық -техникалық жағдайларының тиісінше жабдықталуы қажет екендігі анықталды. Сонда ғана жүйелі жұмыс жасап, құқық бұзушылықтардың санын азайтуға болады. Бұдан бөлек, ауылдық округтерде нарколог дәрігерлер де жетіспейді. Сондықтан, оларды оқытып, қызметкерлері шалғай ауылдарға жұмысқа орналастыру қажет.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*