Басты » Қоғам » Шымкенттің көшелері қате жазылған жарнамаларға тұнып тұр

Шымкенттің көшелері қате жазылған жарнамаларға тұнып тұр

Бұл олқылықтың алдын алу үшін облыстағы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Қазір кәсіпкерлер жарнамалық тақтайшаларды нақты нұсқасы бекітілмеген латын қарпімен жазуды да бастап кеткен. Ондай деректердің саны 15-ке жетіп отыр. Сондықтан жарнамаға қойылатын талаптарды талқылау үшін сала мамандары бас қосты.

Қала орталығының көшелеріне ілінген жарнамалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні әлі күнге дейін түзелмей келеді. Көрнекі ақпараттардан анық көрінетін тілдік олқылықтар шаһардың ажарын бұзуда. Мұның алдын алу үшін арнайы құрылған жұмысшы топ мамандары жыл басынан бері 50 – ге жуық тексеру шараларын жүргізіпті. Нәтижесінде 400-ден астам заң бұзушылық дерегі анықталып, оның 230 – ы қатесін түзеткен. Бұдан былай жеке кәсіпкерлер ұсынатын жарнамалық тақтайшаның эскизі қалалық әкімдіктің жанынан ашылған халық кеңсесіне жолдануы қажет. Ондағы мәтін тиісті мекеменің рұқсатымен бекітіледі. Бұл бастама қателіктердің санын біршама азайтуға сеп болмақ.

Қасым АҒАБЕКОВ

ОҚО тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқарма басшысының орынбасары

Енді жеке коммерциялық тұрғыдағы нысандарға жазылатын жарнама, қазір ұсыныс енгіздік, біздің басқарма арқылы аудандағы қаладағы өкілеттілік арқылы келісіп, аударма дұрыс жазылуын бойын енін өлшеп келісу бойынша жұмыс болады.

Жиында тіл мамандары мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері мен көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қақты. Дегенмен олардың заңды елемеген кәсіпкерлерге айыппұл салатын қауқары жоқ. Бүгінде мұндай құзіреттілікке қол жеткізу мақсатында облыстық басқарма арқылы министрлікке хаттамада жолданған. Қазір бұл мәселе қарастырылуда.

Әбдіжаппар СӘКЕН

Шымкент қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді дамыту секторының меңгерушісі

Тексеру парағын бергеннен соң ғана оны облыстық басқарма салатын болады. Біз хататама беремз. Алдымен ескерту беріледі. Одан кейін тілдері дамыту басқармасына жолдайтын боламыз. Олар өздері әрі қарай айыппұл салу бойынша тексеру парағы бекітілген соң жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта тек түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ шаһарда әзірге нақты нұсқасы бекітілмеген латын қарпімен жазылатын жарнамалық тақтайша қатарыда да күн санап артуда. Мұны қолға алған кәсіпкерлер қалтасынан қағылуы мүмкін. Өйткені олар латыншаланған тақтайшаларды қайтадан кириллицаға ауыстыруы қажет.

Әбдіжаппар СӘКЕН

Шымкент қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді дамыту секторының меңгерушісі

Латын әліпбиінің нақты нұсқасы әлі бекітілген жоқ. ол 2018 жылдың отасына дейін талқынау жүргізіледі. Қазіргі іліп жатқан жарнама келісілмеген өздері іліп жатыр. Олармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кириллицамен жазу бойынша талап қойылуда.

Бұдан өзге мемлекеттік мекемедегі ақпараттық тақтайшаны латын қарпіне өзгерту бойынша әлі нұсқау келіп түскен жоқ. Бұл жұмыстар 2018 жылы жүргізілетін болады. Алдымен латын қарпіне көшу мәселесіне байланысты республика көлемінде құрылған арнайы жұмысшы топ шешімімен хат келуі тиіс.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*