Басты » Қоғам » Шымкенттіктер „Тәуелсіздік мерекесін„ тойлауды бастап кетті

Шымкенттіктер „Тәуелсіздік мерекесін„ тойлауды бастап кетті

Қазір мерейлі мереке өңірдегі барлық білім беру мекемелерінде кең көлемде атап өтілуде. Шымкенттегі нөмірі 45 мектеп гимназиясы тәлімгерлерінің мерейтойға дайындаған тартуы қандай? Толығырақ әріптесім тарқатып айтады.

Оқушылар таң сәріден ұлы мерекенің құрметіне арналған шараға қызу дайындалып жатыр. Бірі би билеп, екіншісі ән шырқайды. Білім ордасының ұйымдастырған мәдени шарасы аясында, тәлімгерлер тәуелсіз көп ұлтты мемлекеттің достық қарым -қатынаста екенін көрсете білді. ШУМ: 7501- би

Тәуелсіздікдің 26 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары мен мұғалімдері арнайы қысқа метражды фильм әзірлепті. Онда өз жері мен тағдырының қожасы болу үшін көпғасырлық күрес пен қазақ халқының жеңісі бейнеленген.

Нөмірі 45 мектеп гимназиясында өткен мерекелік шараға арнайы қонақтар да шақыртылған. Солардың бірі Қазақстан Халқы ассамблеясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов .

Мұратәлі ҚАЛМҰРАТОВ

ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары

Біз осы мектепке қонақ болып келгенімізге өте қуаныштымыз. Мұндағы тақырыптың өзі керемет жасалыпты. Үлкен ел үлкен отбасы деп йтып отыр. Бұл елбасының 2014 жылдан бері айтқан дүниесі. Біздің бір ғана еліміз бар, бір ғана тағдырымыз бар. Біздің көп этностылығымыз біздің байлығымыз. Өте жақсы тақырыпта кездесу өткізіп жатыр. Балалар керемет көрсетілімдер қойды.

Ұстаз – тек білім беру саласында ғана емес, жалпы рухани өсу үшін еліміздің даму жолындағы темірқазық болуы тиіс. Бұл білім ордасы мамандарының пікірі. Айтуларынша мемлекеттік маңызы бар мерекені тойлау оқушының Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*