Басты » Редакция таңдауы » ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР СОТ ПРОЦЕСІН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР СОТ ПРОЦЕСІН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Мемлекет басшысы 2010-2020 жылдар аралығында құқықтық саласын дамытуды міндеттеген болатын. Осы тапсырма аясында еліміздегі кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін бұған дейінгі хабарымызда айтқан болатынбыз. Өңіріміздің судьялары бас қосып жаңаша заңнамалардың артықшылықтарын сарапқа салды. Сонымен қатар әлі де қайта қарауды қажет ететін тұстары да талқыланды. Облыстық сот төрағасының тарапынан сот процестерін жеңілдету мақсатында бір қатар ұсыныста айтылды.

     Заңға енгізілген өзгерістер қаралатын істердің санын азайтуға өз септігін тигізеді дейді мамандар. Яғни, медиация жүйесімен сотқа жеткізбей істі шешу мәселесі басты назарда. Осы бағытта өткен жылы 800-ге жуық іс оң шешімін тапқан. Оған қоса мәселені тағы да жеңілдете түсетін комиссия құру ұсынысы айтылды.

     Жаңа заңға байланысты сот өз шешімін тараптарды шақырмастан шығара алатын болды. Бұл да істің ұзақ мерзімге созылуынан сақтайды. Кодекстегі тағы бір өзгеріс өкілдерге байланысты болып отыр. Бұрынғы заңнамада кез-келген азамат сот процесіне сенімді өкіл ретінде өз жағын қорғап келген болса, бұдан былай тек заңды түсінетін, арнайы білімі барлар ғана қатыса алады. Ал, бұл процестің сапасына тікелей әсер етеді дейді мамандар.

      Осылайша Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгілізген өзгерістер бүгінгі жиынның басты тақырыбына айналды. Азаматтық іске келгенде сотта көбіне коммуналдық қызметтерге байланысты істер қаралады екен. Соған байланысты жиынға заң қызметкерлерінен бөлек облыстық, қалалық әкімдік пен қатар монополияға қарсы инспекция Энергоорталық сынды мекеменің мамандары да қатысты.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*