Басты » Қоғам » Жас туристер станциясына 60 жыл

Жас туристер станциясына 60 жыл

Осы аралықта кешенде талай жас, өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын танып, спортқа бейімділіктерін арттырып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, бірқатар бәсекелерде топ жарған. Жас туристер станциясы мерейтойға орай, үздік қызметкерлерді марапаттап, концерттік бағдарлама ұсынды.

Жас туристер станциясы 1953 жылы облыстық оқушылар сарайының жанынан ашылған. Кейіннен ауқымын кеңейтіп, жұмыс қарқыны үдетті. Қазіргі таңда, құрамында 700 жетекші мен 4500 оқушы бар. Жылына 60-тан аса іс-шара өткізеді. Әр бірі жастардың дүниетанымын кейтіп, ұлттық рухты еселеуге бағытталған. Ұжым енді, түрлі спорттарға басымдық беріп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға үндейді.

Ұжым, мерейтойға асқан дайындығын танытты. Осы күні атқарған жұмыстарын саралап, мақсаттарын айқындады. Талмай еңбектенген қызметкерлерге концерттік бағдарлама ұсынылып, көңілдерін көтерді.

Мерекелік шара аясында фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, байқауларда топ жарған үздіктер марапатталып, еңбегі еленген қызметкерлер қошеметке бөленді

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*