Басты » Редакция таңдауы » МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ӨҢІРІМІЗДЕ

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ӨҢІРІМІЗДЕ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Астанадан келген мейман Шымкенттегі бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

     Бұл Гүлшара Әбдіқалықованың Мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалғалы бері өңірімізге жасап отырған алғашқы сапары. Қонақ алдымен Асар мөлтек ауданындағы жаңадан бой көтерген №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасына ат басын тіреді. Айта кету керек, енді ғана ашылып отырған ауруханада 15 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам жеткіншек стационарлық көмек ала алады. Нысан 270 орындық. Іші толықтай заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталыпты. Қазір мұнда 80-нен астам дәрігер, 190-ға жуық мейірбике жұмыс істейді.

     Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы облыстық әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығында болды. Өңіріміздің этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп, жөн сұрасты. Жиын өткізді. Оңтүстік Қазақстанда мекен ететін бірнеше ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрін тамашалады. Облыстық тарихи өлкетану мұражайында болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспозицияларды аралап көрді.

     Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясына да бас сұққан Гүлшара Әбдіқалықова, оқушыларға беріліп жатқан білімнің сапасымен танысты. Ал, №6 колледжге барған мемхатшы сондағы тәлімгерлердің өздері ойлап тапқан құртта ауыз тиді. Айта кету керек, бұл білім ордасы бүгінде дуальды білім беру жүйесін мықтап қолға алған. 130-дан астам әлеуметтік серіктестікпен байланыс орнатқан.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*