Басты » Қоғам » Шымкентте газ жарылып адамдар зардап шекті

Шымкентте газ жарылып адамдар зардап шекті

Шымкентте жер үйде газ жарылды. Жарылыстың күшті болғаны сонша баспана қирап, екі адам зардап шекті. Құдай сақтап от басы мүшелері аман қалды.

Жантүршігерлік оқиға 19 жетоқсан күні таңғы сағат 7-лер шамасында орын алған. Ерте тұрған отағасы, көлігіне беттей бергенде үйдің ішінен жарылыс орын алады. Осы кезде сыртқа қарай жүгіріп шыққан қызы мен келіншегі, қызыл жалынға күйіп қалған.

Қуаныш Сиқымбаевтың айтуынша, баспана тұруға жарамсыз. Енді, қайда барып паналарын білмейді. Зардап шеккен әйелі Фатима жан сақтау бөліміне түскен. Денесінің 53% күйік шалған. Ал, 6 жасар қызы Мерекенің өмірі үшін ақ халаттылар күресіп жатыр

Мұхит Досыбаев

күйік бөлімшесінің меңгерушісі

Сағат 8:40 шамасында Жедел жәрмемен термиялық күйік диагнозымен әйел келіп түсті. 2,3-ші күйіктің дәрежесін алған. Денесінің 53 пайызын күйік шалған. Ауыр жағдаймен түсті. Жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Жарылыс орын алған үйдің бір керегесі опырылып түскен. Үй иесі баспананы қалыпқа келтіруге жарамсыз дейді. Енді, отбасына қыруар қаржы керек. Ал, Қуаныш Сиқымбаев мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Оқиға орнына келген газ саласының мамандары, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Болжам бойынша көрші үйдің иесі, өз бетімен полиэтилен құбырын жалғаған. Қауіпсіздік шараларын сақтамаған ол, жауапты мамандарды да шақырмаған. Салдарынан оқыс оқиға орын алып 30 жасар әйел мен 6 жасар қыз зардап шекті.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*