Басты » Тараусыз » 11 адам газдан уланып көз жұмды

11 адам газдан уланып көз жұмды

Шымкентте жылу маусымы басталғалы 11 адам газдан уланып көз жұмды. Қайғылы оқиғалардың санын азайту мақсатында газ саласының мамандары мен төтеншеліктер қала тұрғындарына жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар бір ауыздан халықты абай болуға шақырды.

Бұл жолы мамандар Еңбекші ауданына қарасты көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлерді аралап үгіт насихат жұмыстарын жүрізді. Олар „әр адамның өмірі – өз қолында екенін айтып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді. Дегенмен тексеру барысында қандайда бір техникалық қателіктер анықталғанымен тұтынушыларға айыппұл салынбайды. Өйткені сала қызметкерлерлерінің құзіретіне тек ескерту және түсіндірме жұмыстары кіреді.

Бақытжан ТӨЛЕШЕВ

ҚазТрансГаз Аймақ„ АҚ ОҚО бойынша филиалының бас маманы

Біз қазір ешкімге айыппұл салмаймыз. Бізде қазір тек түсіндірме жұмыстары. Біз барлық үйге кірген кезде әр үйде өз кемшілігі болады. Бір газ құбыры бар су жылытқыш калонкасы бар, соны бұрын тұрған орыннан өздері басқа орынға жылдытып қоядыда яғни ол жерде ауа болмайды. Түтіндік каналды бітеп тастайды тазаламайды. Соны айтып түсіндіріп жатырмыз.

Еңбекші ауданындағы 527 тұрғын үй орталық жылыту қазандығына қосылған. Мұнда өз бетінше көгілдір отынды қосып алатындар саны да жетерлік. Қала бойынша 14 мыңға жуық абонент тиісті мекеменің рұқсатынсыз жеке газ қондырғысын орнатып алған. Мамандардың сөзінше оқыс оқиғалардың басым бөлігі дәл осындай тұтынушылардың үйінде орын алады. Статистикаға сәйкес Шымкентте жылу маусымы басталғалы газдан улану салдарынан 11 адам көз жұмды. Алайда мұндай дерек Еңбекші ауданында мүлде тіркелмепті.

Бақыт СЫДЫҚОВ

Еңбекші ауданы әкімдігі халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Биылғы 2017 жылу маусымына бізде еңбекші ауданында газбен уланғандар тіркелген жоқ. Ал 630 үйдің қосылған елді мекендерде автономдық қала бойынша 527 үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін наурыздан батсап қайтадан жылу маусымына дайындалу үшін тұрғындармен жиналыс өткіземіз. Сол кезде түтін шығарытнды тазалау бойыншы жұмысты бастаймыз.

Профилактикалық шара аясында мамандар тұрғындарға ескертпе парақшаларын таратып, тиісті ақпаратпен қамтамасыз етті. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы барлық тұрғындар орталықтандырылған газға қосылуы тиіс. Осыған орай газ саласының қызметкерлері атқарылатын түсіндірме жұмыс санын ұлғайтатын болады

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*