Басты » Қоғам » Мерекелерді атап өту үшін қала бюджетінен 49 млн теңге бөлінді

Мерекелерді атап өту үшін қала бюджетінен 49 млн теңге бөлінді

Биыл, желтоқсан айындағы мерекелерді атап өтуге қала бюджетінен 49 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға шымкенттіктер Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік күні мен бас шыршаның жағылуын тойлады. Жаңа жылдың символы саналатын шыршаның шамын шағу рәсімі әл-Фараби алаңында өтті.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, тұрғындардың қуанышы артып, көңілдері көтерілді. Себебі, әл-Фараби алаңында шаһардың бас шыршасының шамы жағылып, керемет әсер сыйлады. Әсем ойыншықтармен безендірілген шыршаның биіктігі 17 метрді құрайды. Қызыққа толы мерекелік шараны тамашалауға жас та, жасамыс та көптеп жиналды.

Театрландырылған қойылымды сахналауға 200-ге жуық адам жұмылдырылды. Әр бірі тұрғындардың көңілін аулап, көздерін бал-бұл жайнатты. Әл-Фараби алаңынан өзге, ұзындығы 11 метрді құрайтын шыршалар Шәмші гүлзары мен әкімшілік іскерлік орталығының маңына орнатылған. Қаланы безендіруге 200-ге тарта сәулеттік бейнелер жасалынды.

Қала әкімдігінің ұсынған тартуы мұнымен толастамайды. Яғни, 31-ші желтоқсан күні Әл-фараби алаңында таңғы 11-ден түнгі 12:00-ге дейін концерттік бағдарлама ұсынылады. Кеште өңір мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп күтіледі.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*