Басты » Қоғам » Қуыршақ театры балаларға мерекелік тарту жасады

Қуыршақ театры балаларға мерекелік тарту жасады

Жаңа жыл қарсаңында қуыршақтар театры туа бітті кемістігі бар балаларға арнап, „Шырша оқиғасы„ атты қойылым көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің басты арманы 12 мүшесінің сау болып, қайта қалпына келуі. Ал қуыршақтар театры олардың көңілін аулап, қуантуға барын салды.

Республикамызда 7 қуыршақ театры бар. Солардың бірі оңтүстік өңірінде орналасқан. 34 жылдық тарихы бар ұжым биылдың өзінде 50 – ден астам қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырған. Осындай шаралардың біріне жүйке жүйесінде ауытқуы бар, әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі 150-ге тарта жасөспірім шақыртылды. Олар ертегілер әлеміне саяхат жасап, кейіпкерлерді өз көздерімен көрді.

Бақтияр Спанов

Облыстық қуыршақ театрының директоры

Біздің жас балаларымыз, сәбилеріміз өмірге келмей жатып, тағдырдың тәлкегіне түскен әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі жандар. Міне осы кісілерге сәл болса да жаңа жылдың алдын көңілін көтеру.Әрине ол тек қана ертегі кейіпкерлерімен шектеліп қана қоймайды.Ойындар ойнатып, балалардың көңілін көтеруге барлық жақсылықты жасаймыз.

Қызықты қойылымды көруге шақыртылғандардың бірі 9 жастағы Ұлмира Алиева. Жеткіншектің тірек қимыл мүшелері зақымданған. Ұлмираның басқалардан ерекшелігі өнерді жан-тәнімен сүйеді. Оның анасы қойылымды ықыласпен тамашалағанын айтып, қуанышын жасыра алмады. Ана мен баланың алған әсерлері де ерекше.

Гүлнар Аманова

ата-ана

Тірідей қуыршақтарды көріп, балдарымыз үлкен қуанып қалды. Езулеріне күлкі үйірілді.Оған қоса бізде қуандық ,шаттандық. Рахмет!

Шырша оқиғасы „ атты қойылымның қоюшы режиссеры Мақпал Малдыбаева. Әртістер балаларға қызықты көңіл күй сыйлау үшін ұзақ дайындалған. Шығармашылық ұжым алдағы күндері балаларды қуанту үшін барны салмақ.

Динара СӘРСЕНБАЕВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*