Басты » Қоғам » Кәсіпкерлеге көрсетілетін қызмет, түгел электронды форматқа ауыстырылады

Кәсіпкерлеге көрсетілетін қызмет, түгел электронды форматқа ауыстырылады

Оңтүстік„ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысының 30 пайызы электрондық форматқа ауысты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайды. Сондай — ақ енді ауыл шаруашылық кооперативтерін тіркеу жұмыстарын осы орталықта бір сағаттың ішінде іске асыруға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында тізімге 3 күн ішінде тіркейді.

Оңтүстік„ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оған консалтинг, бизнес жоспар әзірлеп оны сүйемелдеу, рұқсат құжатын рәсімдеу бөлімі және кәсіпкерлік мектебі кіреді. Қазір аталған қызметтер кезең- кезеңімен электрондық форматқа көшірілуде. Енді тұрғындарда мекемеде кезек күтпей, ресми сайт арқылы онлайн кеңес алуына мүмкіндігі бар. Ал жаңа жылдан бастап бизнесмендер кәсіпкерлік мектебінен қашықтықта ғаламтор арқылы оқытудан өтіп, электрондық сертификатқа ие болады. Тіпті олар рұқсат қағазға да онлайн режимде қол жеткізеді.

Ғани ӨМІРЗАҚОВ

Оңтүстік„ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры

Сөйтіп онлайн ретінде сертефикат алуға мүмкіндік туындайды. Сонымен қатар бизнес жоспарға онлайн тапсырыс беру.келесі жылдан бастап орталыққа келу міндетті емес, онлайын арқылы іске асырады. Маңыздысы рұқсат құжатты алу электрондық түрде жүргізілуі. Қазір егов порталы арқылы жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Сарапшылардың сөзінше кәсібін ашамын деп несие алғандардың бизнесі жемісті бола бермейді. Мұндай деректер оңтүстікте де тіркелген. Алайда мамандар оның нақты саны қанша екенін белгісіз деп отыр.

Ғани ӨМІРЗАҚОВ

Оңтүстік„ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры

Ондай практикада бар. Бірақ проценттік пайызы қанша екенін айта алмаймын. Өйткені бұл бойынша енгізіп жатқан жаңалығымыз несие алған соң тақырыптық тренингтен өткізіп жатырмыз. Бұл кәсіпкерлік психологиясы. Бұл бойынша тренингті өткізіп жатырмыз.

Бүгінде орталық арқылы бір сағаттың ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері арнайы тізімге еніп, анықтамаға қол жеткізе алады. Осылайша биыл аталған мекеме арқылы 62 кооператив тіркеліпті. Бұл қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестерінеде қолдануға болады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*