Басты » Тараусыз » Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласының активіне Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Сонымен, облыс əкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды. Жаңа әкімді таныстыру кезінде аймақ басшысы лауазым иесінің жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың жүзеге асырлуын басты назарға алуды міндеттеді. Т.Қ.Мұсаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер- механик. Еңбек жолын 1982 жылы Абай колхозының машина шеберхансының меңгерушісі ретінде бастаған. 1985-2013 жылдары Кентау қалалық автокөлік паркінің инженері, Түркістан аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженері, Түркістан аудандық аграрлық-өнеркәсіптік бірлестігінің инженері, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Түркістан қаласы Иассы ауылдық округінің әкімі, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2013 жылдың қазан айынан бастап Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*