Басты » Қоғам » Облыстағы үздік жастар анықталды

Облыстағы үздік жастар анықталды

Ел тәуелсіздігінің 26 жылдығында еңбегі еленіп, көзге түскен түрлі сала мамандары арнайы дипломға ие болды. Үздіктердің қатарында әріптесіміз Нұргүл Жолымбетова да бар. Ол, нәтижелі жұмысының еңбегі ретінде үздік жас журналист номинациясының иегері атанды.

Облыс көлемінде өткізілген бұл шараға барлық ауданнан 100 ден астам талантты жастардың құжаттары келіп түскен. Әр аудан өздерінің ең үздіктерін тіркеген. Сондықтан, олардың ішінен іріктеп алу мамандарға да оңай соқпаған.

Береке Дүйсебеков

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы

Бұл шараның маңыздылығы, басты мақсаты, осы өзіміздің өңіріміздегі үлгілі жастарды, түрлі саладағы білімді, спорт саласындағы, ақындар мен жас ғалымдарды, марапаттаймыз. Осы жастар саясатын жүзеге асырудағы өз үлестерін қосып, еңбек етіп жүрген жастарымыз бар. Сондай ақ, біз басым бөлікті аудандарға бердік. Себебі, алыс аймақтардағы танылмай жүрген жастарымызды ел танысын деп. Сондықтан, бұл шара баршаға үлгі болатын шара.

Арнайы тағайындалған комиссияның шешімімен 26 жас үздік деп танылып, сахна төрінен көрінді. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, оқушылар мен БАҚ өкілдері бар. Солардың бірі ТВК телеарнасының журналисті, тележүргізуші Нұргүл Жолымбетова танылды.

Айта кету керек, үздік жастар қатарына 29 жасқа дейінгі жастардың құжаттары қабылданды. Мұндай шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*