Басты » Қоғам » Көне жетігеннің 7 құпиясын кім шешеді?

Көне жетігеннің 7 құпиясын кім шешеді?

Әл-Фарабиден қалған көне жетігеннің 7 құпиясын кім шешеді? Мәдени мұраның қасиетін білуге, „САҚ„ киностудиясы ұмтылды. 100 адамнан құралған шығармашылық топ, Оңтүстіктің 7 қасиетті жерлерін аралады. Нәтижесі қандай? Әріптесім тарқатады.

Оқиға желісі бойынша, жол жөндеп жүрген эксковаторшы, айырықша үлгідегі қапшықты тауып алады. Ашып қараса, жетіген аспабы шығады. Алайда, оның 7 асығы болмайды. Өйткені, Әл-Фараби 11 ғасырда асықтарды жаудан қорғау үшін, өсиетін жұмбақ таңбалармен жазып, қасиетті жерлерге жасырады. Оның аманатына білімді жастар қол жеткізіп, жұмбақтың сырын ашуға тырысады. Ұзақ сапарға шығып, қиындықты қаймықпай жеңуге талпынады.

Нұриддин ПАТТЕЕВ

САҚ„ киностудиясының директоры

Күн демей түн демей 10 серианы кино деп түсіргенде, қазір есептесек, кем дегенде 5 толықметражды кино түсіретін едік. 5 киноны 1 жазда түсіру өте қиын. Қиын болғаны, Отырарда болған түсірілім. Шыбын-шіркей күні, түні көп. Камераға толып қалды. Таңертең әртістер көздерін аша алмаған кездер де болды.

Қасиетті аспапқа алаяқтармен қатар шетелдіктер де көз тігеді. Олардың пайымынша, жетігенді тектілікті дәлелі болған, әлемді билейтін дана иеленуі керек. Туындыда махабатқа адалдық, досқа құрмет, тарихи мұраға қастер көрсетіледі. Әр кейіпкердің образын ашу үшін 60 әртіс жұмылдырылған.

Ерсінбек Аманғалиев

әртіс

Көне жетігеннің сыры телехикаясына түсуге шақырған кезде, бірден келістім.

„САҚ„ киностудиясы өз жұмысын 2001 жылы бастады. Қоржынында 60-қа жуық туынды бар. Ұжым, 2018 жылы „Әл-Фараби„ „Ордабасы„ „Көне Түркістан„ анимациялық фильмдері мен „Төле би„, „Ахмет Яссауи„ телехикаяларын түсіруді жоспарлап отыр. Елбасының „Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру „ бағдарламалық мақаласы аясында Оңтүстікте 60-қа жуық іс-шара өткізіліп, туындылар түсірілді.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*