Басты » Тараусыз » Шымкент қаласы әкімінің „Үздік жастар премиясы„ табысталды

Шымкент қаласы әкімінің „Үздік жастар премиясы„ табысталды

Ел тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай арнайы номинацияға шаһардың қоғамдық саяси өміріне белсенді ат салысып, түрлі сала бойынша жетістікке жеткен 26 жастары ие болды. Олардың қатарында телеарнамыздың тілшісі Азиза Мадиярда бар. Әріптесіміз үздік жас корреспондент алатымының иегері атанды.

Шымкент қаласы әкімінің „Үздік жастар премиясын„ табыстау рәсімі дәстүрге айналған. Салтанатты марапаттау шарасы 2011 жылдан бері қалалық жастар ресурсы орталығының мұрындық болуымен іске асуда. Үздіктерге марапатты табыстаған шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев тұрғындарды жаңа жылмен құттықтап, биік белестен көріну үшін түрлі кеңестерімен бөлісті.

Нұрлан САУРАНБАЕВ

Шымкент қаласының әкімі

Келе жатқан жаңа жылда ит жылы дейді ғой. Осы жылда ит тістемей жаныңызда жүріп, қорғап жүрсін сіздерді. Сіздермен кездескенде айтатын сөз бар. „Кто в молодости не был радикалам у того не была сердце, кто со временем не знал консерваторов у того нет мозгов„

Биыл жастар 26 номинация бойынша арнайы дипломға ие болды. Өткен жылы олардың саны 25 — ті құраған. Жыл сайын бұл көрсеткіш ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай 1 адамға көбейетін болады. Айта кетейік, биылғы үздіктер тізімінде ТВК телеарнасының тілшісі Азиза Мадиярқызыда бар. Ол „Үздік жас корреспондент„ номинациясының иегері атанды.

Ал „Үздік жас кәсіпкер„ аталымы 26 жастағы Азиз Жарқынұлына бұйырды. Кәмілет жасына толған кезінен бастап өз бизнесін дөңгелетіп жүрген кәсіпкер мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламаға қатысып, өз ісін жүргізуде. Озаттар қатарынан көрінген Азиз еңбегін елеп, премияға шақырған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Азиз Жарқынұлы

жас кәсіпкер

Үздік жастар премиясында 2017 жылғы арналған іс шараға қатысып, жас кәсіпкер номинациясына ие болдым. Қуаныштымын. Алғыс білдіремін.

Марапаттау рәсімі аяқталған соң, екінші бөлім концерттік бағдарламаға ұласты. Көңілді тапқырлар ойынының үздік командалары ұтымды әзілдерімен көремендерді күлкіге қарық қылды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*