Басты » Қоғам » Қолөнер шеберлерінің жаңа жылдық көрмесі ұйымдастырылды

Қолөнер шеберлерінің жаңа жылдық көрмесі ұйымдастырылды

Шымкентте „Арбат„ қолөнер шеберлерінің жаңа жылдық көрмесі ұйымдастырылды. Шаһардың кәсіпкерлік бөлімі ісмерлерге ойын сауық орталығынан ақысыз орынмен қамтамасыз еткен. Көрмеге қазіргі кезде қолданыстан шыққан, ұмытыла бастаған жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.

Арбат„ қолөнер шеберлері көрмесі Елбасының „Болашаққа бағдар рухани жаңғыру„ бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Басты мақсат ұлттық өнерімізді насихаттап, ел ішіндегі ісмерлерді көпшілікке таныту. Көрмеде облыстың барлық аймағынан жиналған 50-ден астам шебер туындыларын ұсынды. Айта кетейік, кәсіпкерлерге ойын сауық орталығынан ақысыз түрде орын берілген.

Болатбек БЕЙІСБЕКОВ

Қазақстан қолөнер шеберлер одағының ОҚО бөлімшесінің басшысы

40- 50 шақты қолөнер шеберлерін шақырды. Оның ішінде біздің Қазақстан қолөнер шеберлер одағының 10-15 мүшесі бар. Бізді қуантатын жағдай, мына рухани жаңғыру бағдарламасы келіп, шындап жұмыс істеп жатқандығы. Қол өнер шеберлерін шақырып,мына плазада орындары тегін.

Ұлттық нақыштағы ерекше бұйымдар қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шықты. Бұл туындылар жаңа жылда ең керемет сыйлықтардың бірі болып есептеледі. Өйткені мүндағы қолөнер жұмыстарының әрқайсысы мүлде қайталанбайды. Тіпті бағасыда нарықтағыдан арзан, қолжетімді.

Лаура ЕСТІЛЕУОВА

қала тұрғыны

Иә өте керемет, көңілімнен шықты. Ішінде киізден тоқылған, қолданғанға үйге қойғанға әдемі сыйлық ретінде бергенге де заттар көп екен. Көңілімнен шықты.

Ұйымдастырушылар концерттік бағдарлама әзірлеп, тұрғындардың көңілін қуанышқа бөледі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*