Шымкентте қос кітаптың тұсауы кесілді - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Шымкентте қос кітаптың тұсауы кесілді

Шымкентте қос кітаптың тұсауы кесілді

Оның бірі „Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы„ жылы аясында түсірілген фотосуреттер топтастырылды. Өзбек тілінде жарық көрген кітап, елбасының 20 жылда халыққа жолдаған үндеуі біріктірілген.

Оңтүстік жұртшылығы 1 жыл бойы „Түркістан -түркі әлемінің мәдени астанасы„ жылын сәні мен салтанатын жарастыра атап өтті. Осы аралықта суретшілер пленэрі, бишілер байқауы, опера әншілері мен театр жұлдыздарының фестивалі сынды 40-қа тарта шара өтті. Тұсауы кесілген 355 бетті құрайтын фото альбомда салтанатты шаралардың суреттерін топтастырылды. 500 данамен жарық көрді.

Темірғали Көпбаев

Халықаралық „Алаш„ сыйлығының лауреаты, ақын

Тұсауы кесілген келесі туынды „Елбасы жолдаулары — өркендеу кепілі„ деп аталады. Кітап, елбасының алғаш рет Қазақстан халқына үндеген жолдауы „Қазақстан — 2030„ стратегиясының жарияланғанына 20 жыл, ел егемендігінің 26 жыл толуына орай ұсынылып отыр. Туынды қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында бағындырған белесі, алған асуы, болашаққа бағдарлаған мақсатын қамтиды.

Кітап 1000 данамен жарыққа шықты. Өзбек тілінде жарияланған туынды облыстағы кітапханаларға жіберілмек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*