Басты » Қоғам » Оңтүстікте ауыл шаруашылық тыңайтқыштарын өндіретін зауыт ашылады

Оңтүстікте ауыл шаруашылық тыңайтқыштарын өндіретін зауыт ашылады

Бұл туралы Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығында «Туррин Легаси» итальяндық холдингінің вице президентімен өткен кездесуде мәлім болды. Екі жақты келісім шартқа сәйкес, тәулігіне 20 тонна өндірістік қуаты бар зауыт 2018 жылдың сәуір айында іске қосылмақ.

«Туррин Легаси» итальяндық холдингі ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша Бразилия, Марокко, Бенин елдеріне инвестиция құйған. Сондай-ақ Еуропаға агрохимикаттарды тарату, жылыжайлар құру және дизайн салсында қызмет көрсетеді. Компанияның жылдық айналым қаражаты 250 млн долларды құрайды. Шетелдік инвестор өңіріміздің ет-сүт өнімдері саласына қызуғышылық танытып отыр. Алдағы уақытта осы бағытқа бірқатар инвестиция тартылуы мүмкін.

Лука Туррин

«Turrin Legacy SA» итальяндық холдингінің вице-президенті

«Меніңше Оңтүстік Қазақстан облысы — Республика бойынша әмбебап өңірдің бірі. Мұнда индустрияалды аймақты дамыту және жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыс жоспары жоғары деңгейде жасалған.

Тәулігіне 20 тонна өндірістік қуаты бар зауытты 2018 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланған. Ал алғашқы өнім жеткізілімі сол жылдың мамыр айында жүзеге асырылады деп күтілуде. Бірінші сатыдағы 80 мың литр сұйық тыңайтқыштар Еуропаға экспортталатын болады.

Қуаныш БАЙТӨРЕ

ОҢТҮСТІК„ аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Бізде оңтүстікте өндірілетін тыңайтқыштар, Еуропаға экспортқа жіберуге дайын екенін дәлелдеп береді. Бізбен бірге италиядан келген кісілер бұл мақсатта жұмыс істеуге дайын.

Болашақта өңірде өндірілген жоғары сапалы өнімдер жүйелі түрде шетелге жеткізіліп тұрады. Аталған орталық шетелдік капиталдың бірнеше жобасын дамытудың провайдері болып саналады. Мәселен осыған дейін де бірқатар шетелдік компаниямен облысқа инвестиция тарту бойынша мемарандумға қол қойылған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*