Басты » Қоғам » Енді тергеушілер қағазбастылықтан арылады

Енді тергеушілер қағазбастылықтан арылады

Енді тергеушілер қағазбастылықтан арылып, қажетті материалдарды жинауға уақытын жоғалтпайды. 2018 жылдан бастап қылмыстық істер электронды форматта жүргізілетін болады. Бірінші кезекте жергілікті полиция , сот пен прокуратура арасында бірыңғай электронды жүйе жасалды. Полицейлер қажетті анықтамалардың барлығын электронды түрде алып отырады. Ал прокурорлар кабинетінде отырып, компьютер арқылы тергеудің барысын қадағалайды. Кейіннен іс электронды түрде сотқа жолданады. Мамандардың айтуынша, әр тергеуші жұмыс барысында қоңырау шалып, қағазды басып шығару үшін шамамен жылына 2 млн теңге жұмсайтын көрінеді. Айта кетейік, қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу бойынша пилоттық жоба Оңтүстік өңірінде алғаш болып Түлкібас ауданында жүзеге асырылған еді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*